Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:45
ШАЙ ІШПЕСЕМ БАСЫМ АУЫРАДЫ. НЕГЕ?

Шай ішпесе басы ауыратын таныстарыңыз бар шығар. Себебі неде екенін ойланып көрдіңіз бе? Деректерге сүйенсек, шайдың құрамында 300-ге жуық химиялық қоспа кездеседі. Дегенмен, өңдеу барысында оның құрамы бірнеше мәрте өзгеріп, пайдалы қасиеттерін жоғалтуы әбден мүмкін. Сіз қанып ішетін шайға тәтті дәм мен жағымды иіс беретінэфир майлары. Ол құрғақ шай ұнтақтарында небары 0,006% мөлшерде кездеседі. Эфир майлары керемет иістен бөлек, адам ағзасына бактериялармен күресуге септігін тигізеді. Суық тигенде ыстық шай ішуге деген құмарымыз кенеттен артатыны осыдан болса керек. Шай құрамындағы алкалоидтержүйке жүйесін тыныштандыратын ең маңызды химиялық зат. Кофе мен какаоға қарағанда шайда кофеин көбірек кездескенімен, жүрек пен қан-тамырларына айтарлықтай әсер етпейді.

Аминқышқылдарына ыдырап кететін нәруыздың жалпы мөлшері 25%. Соның ішінде 2% ғана құрайтын аминқышқылдары жүйке жүйесі зақымданған аймақтарының қайта қалпына келуіне жағдай жасайды. Мойындаңызшы, стресс немесе депрессия секілді «ауруға» шалдығып, көңіл-күйіңіз мың құбылғанда, жылы көрпені жамылып алып, шай ішуді аңсайсыз ғой. Шайда ең көп кездесетін химиялық бөлшек – полифенолдар илік заттары (дубильное вещество). Ол артериялық қан қысымын реттейтін залалсыздандырғыш әрі ағзаны аурудан қорғаушы элемент. Егер ұзақ уақыт шай ішпеген жағдайда басыңыз ауырса, ағзаңыз қан қысымыңыздың қалыпты жағдайы бұзалғанынан хабар беріп, миға сигнал таратады. Нәтижесінде, шай ішсеңіз ғана басылатын бас ауруы пайда болады. Сонымен қатар, илік заттар ағза қартаюының алдын алады. Қартайғыңыз келмесе, шай ішіңіз… Шай дәрумендерге бай. Шайға тәуелділік кофеиннің кесірінен емес, ағзаңызға витаминнің жетіспеушілігінен туындауы әбден мүмкін. Осындай бай құрамға ие шай көп ғасыр бойына Қытайда емдік мақсатта қолданылған. Бүгінде, шайдың түрі көп: көк шай, қара шай, қызыл шай…

http://aqmeshit-aptalygy.kz/shaj-ishpesem-basym-auyrady-nege/

Просмотров: 1264 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]