Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:06
Сүлікпен емдеу ісінің өзекті мәселелері

Облыс орталығында гирудо терапевтердің, яғни, науқасты сүлікпен емдейтін дәрігерлердің 4-ші халықаралық семинары болып өтті. Астанадан кейін Шымкентте шақырылған жиынның өтуіне «Гирудомед» емдеу орталығы ұйытқы болып отыр. Мамандар бұл басқосуда гирудотерапияның бүгінгі мәселелері мен дамуын талқылады.

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы. 18 шілде 2016

Сүлік салдырухалықтық ем. Оның адамға тек пайдасы болмаса, ешқандай кері әсері жоқ. Гирудотерапевтердің төртінші Халықаралық конференциясында жоғары тәжірибелі мамандар осыны екшеді. Басқосуға Ресейдің таңдаулы дәрігерлерінен бөлек, Астана мен Алматы, Шымкент пен Арыс қаласының сүлік салушы мамандары қатысты.

Салтанат Серікбаева, «ГИРУДОМЕД» сүлікпен емдеу медициналық орталығының директоры

Қазіргі кезде технология дамып кеткен. Дәрігерлерді ары-бері әбігер қылмай, жұмысынан қалдырмаудың әрекетін жасап жатырмыз. Ресейдің білікті мамандарымен онлайн дәрістер өткіземіз. Сондай-ақ, Санкт-Петербургтегі «Гирулайн» клиникасымен келісімге келгенбіз. Кеше «Савинев» клиникасымен байланыс орнатып, келісім шартқа тұрдық. Тамыздың 15-нен кейін скайп арқылы Ресейлік профессорлер Қазақстандық дәрігерлерге дәріс оқиды.

Конференция озат тәжірибені насихаттаумен құнды болды. Бұл салаға жаңадан із салғандар гирудотерапияның шын мәніндегі ұңғыл-шұңғылына үңілді. Медицинасы көш ілгері ресейлік әріптестерін тыңдады.

Намазбай Орманов, медицина ғылымдарының докторы, профессор

  • Қазақстан сүлікпен айналысу жөнінде артта қалып келеді. Бәрін Ресейден сатып алады. Бұл дегеніміз қомақты қаржы. Мұны қолға алып, үкіметтік деңгейде шешу керек. Сүлікпен айналысатын мамандар мен орындарды дайындауға тиіспіз. Өйткені бұл өзекті әрі маңызды мәселе болып тұр.

 

Отандық гирудотерапияны дамытуда осы орайда Шымкенттегі емдеу орны – «Гирудомедтің» рөлі орасан. Бүгінгі жиынды ұйымдастырушылар да – солар.

Жекеменшік емдеу орталығының ұлт саулығын нығайтудағы рөлі орасан. Жоғары медициналық қызмет, қолжетімді бағаға қашанда басымдық беріледі.

Баян Әжіғалиева, жоғары дәрежелі дәрігер-гинеколог, гирудотерапевт

Қазақстан бойынша «Гирудомед» клиникасы ем алушыларға ең төменгі баға ұсынады.Бір сүлік 650 теңге тұрады. Ал, акция болған кезде 500 теңгеден де қойылады. Астана болсын, Шымкент болсын.

Иә, гирудотерапия қарыштап дамыған Ресейден үлгі алар тұсымыз бен үйренеріміз көп. Мүмкін бұл конференция елдегі сүлік салу ісін одан әрі жандандыруға септігін тигізер. Біле жүріңіз, «Гирудомед» сүлікпен емдеу орталығы науқастарға тек ем-дом жасап қана қоймай, болашақ дәрігерлердің қарым-қабілетін шыңдайды. Сүлік салу арқылы емдеудің әдіс-тәсілдерін арнайы 4 айлық курста үйретеді. Жекеменшік медицинаны дамыту арқылы ел жастарын жұмыспен қамтып, науқастарды аяқтан нық тұрғызар орталықтың бұл бастамасы қолдауға ие.

Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚ

Дереккөз: http://shymkenttv.kz/public/kz/news/health_medicine/sulikpen-emdeu-isinin-ozekti-meseleleri

 

Просмотров: 1411 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]