Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:28
ҚҰРМАНЫҢ ҚАСИЕТІ

Мамандардың айтуынша, құрма жеу босануға көмектеседі. Әсіресе, жүктіліктің 37 аптасынан кейін күніне 4-5 немесе одан көп құрма жеуге болады. Құрма витамин, протеинмен қатар окситоцин гормонын қамтиды. Oкситоцин босанардан бұрын толғатуды, сүт жиналуын, босанғаннан кейін жатырдың тез жиырылуын қамтамасыз етеді.
Қасиетті Құран кәрімде де: «Толғақтан қиналған ол құрма бұтағына қарай беттеді. «Қап, бұған дейін өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді. Төменнен (бір дауыс) естілді: «Мұңданба, Раббың саған төмен жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкі, сонда саған жаңа піскен құрмалар түседі. Содан алып же, іш, көзайым бол…» («Мәриям» сүресі, 23-26) деп бұйырып, хазірет Мәриямға босанардан бұрын жаңа піскен құрма жеуіне кеңес берген.
Жүктілік кезінде өте-мөте қол, сан және арқа бұлшық еттерін жұмыс істету болашақ ананы дене және рухани тұрғыдан босануға дайындайды. Бұдан бөлек, терең тыныс алып күту, демді ұстау да ауырғанды басуға көмектеседі.

http://aqmeshit-zhastary.kz/di-gek/rmany-asieti/

Просмотров: 1525 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]