Құрма – шығармашылықпен айналысатын, мимен жұмыс істейтін адамдар үшін, жүйке жүйесіне шағымы барлар үшін, бастың жақсы жұмыс істеуі үшін де дәрігерлер тарапынан ұсынылатын аса пайдалы жеміс.
– Құрманы аш қарында жеу паразиттерді жояды.
– 100 г құрма 281-ден 318 калорияға дейін құнарлы. 100 г құрманың құрамында 20 мг фосфор бар. Фосфорға бай болуы себепті құрма жүйке жасушаларын нәрлендіріп, еңсені көтереді. Қатты шаршаған адамның өзіне құрманы жегенінен соң жарты сағат ішінде күш-қуаты оралады, сергектік пайда болады.
– Құрма глюкоза мен фруктозаға бай. Тәбетті шақырады.
– Диетолог мамандары дәмді де пайдалы бұл жемісті жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шеккен балаларға жегізуге кеңес береді.
– Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.
– Құрма ішек қызметін қалыпқа келтіреді. (Іштің қатуы кезінде өте пайдалы)
– Құрма көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады..
Сурет Бөгенбай ЗИЯЛЫ - Islam.kz сайтынан алынды.
http://ihsan.kz/kk/articles/view/6190 |