Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:54
ПСИХОЛОГТАР: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖАЛҒЫЗДЫҚ СЕЗІМІН ЕКІ ЕСЕ КҮШЕЙТЕДІ

АҚШ психологтары әлеуметтік желілер, оның ішінде «Туиттер», «Фейсбук» және «Инстаграм» — адамның жалғыздық сезімін күшейтетінін дәлелдеді деп жазады Егемен Қазақстан.
Егер адам әлеуметтік желіде күніне екі сағаттан көп отырса, оның бойында жалғыздыққа ұшырау қаупі екі өсе өседі дейді мамандар. Өйткені, әлеуметтік парақшалардағы адамдардың идеал образы қызғаныш сезімін оятуы мүмкін.
Сауалнамаға 19-32 жас аралығындағы ек мың адам қатысқан.
Зерттеу авторларының бірі, Питтсбург университетінің профессоры Элизабет Миллер жалғыздыққа әлеуметтік желі себеп болады деуге ерте екенін де айтады.
«
Мүмкін, жастар әуелі әлеуметтік жалғыздық сезіміне ұшырап, содан кейін әлеуметтік желілерге кіре бастайтын шығар. Немесе әлеуметтік желіде көп отыру реал өмірден ажырау сезіміне ұшыратады», — дейді ол.
Питтсбург университетінің профессоры Брайан Примактың айтуынша, қазіргі технологиялар қарым-қатынасты оңайлатпайды, керісінше қиындатады.
«
Былай қарағанда, әлеуметтік желілер адамдарды қарым-қатынасқа жетелейтін сияқты көрінеді. Алайда, біздің зерттеу көрсеткендей, ол проблеманы адамдар күткендей шеше алмайды екен», — дейді Примак.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/psihologtar-leumettik-zheli-zhal-yzdy-sezimin-eki-ese-k-shejtedi/

Просмотров: 714 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]