Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:19
ҚОЛЫНА ҚҰТ ДАРЫҒАН

ЕСІМІ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

 

Әр аймақтың айбаты, әр саланың саңлағы болатыны әмбеге аян. Алақандай ауылдан шығып, атағы алысқа кететін мақтаныштар көбіне қарапайым, елжанды қасиетімен дараланатыны шындық. Сондай мәртебелінің бірі атақты хирург Досхана Ранов еді. Оның тектілік тұғырына берік орны ғуы заңды да. Рановтар әулетінен үш бірдей танымал тұлға шыққанын кейінгі ұрпақ біле бермес. Әлбетте, ақиқат араша сұрамайды. Әмел әкеміз бүтіндей бір ауылды нарлы қылған. Шәріп ағамыз азамат соғысының партизаны, аудан көлемінде ұжымшар басқарған. Ауандағы оба зобалаңын ауыздықтаудағы жанқиярлығы үшін «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Мұңайтпас көкеміз майданда да, бейбіт күнде қаһармандығымен ерекшеленген. Балдақты белсенді Мергенсай ауылдық кеңесінің төрағасы, Сарбасат балықшылар тұтыну одағы бас тығы қызметінде халық қошеметіне бөленген. Осы мықтылық діңгегі Досхананың өмірлік тұғырнамасына айналды. Бала кезден көпке үйір, шаруақор болып қалыптасты. Алғыр шәкірт білім бәйгесінде үнемі төске өрледі. Жастайынан адамды қас-қабағынан ұғатын қасиетімен қатарынан озық тұрды. Бір аяқпен ойға-қырға шапқылаған әкесінің тән азабын жеңілейтсем деген перзенттік парыз дә рігер болуды армандатты. Қызылорда ме дучилищесін, Ақтөбе медицина институтын үздік дипломмен бітірді. Кіндігі туған жердің тартылыс күші мен түйінделгені еңбек жолынан мен мұндалайды. Жалаңашта ауыл фельдшері сатысында жағалау жұртшылығының алғысына бөленді. Сондағы анасы Бақыттың сүйіншіге шашу шашқаны сірә да ұмыт болар ма?! Қызылордадағы алғашқы белес жауапкершілік жүгін ұсынды. 1969 жылы етженді науқастарға операция жасауда қимыл дәлдігімен көзге түсті. 1970 жылы Мәскеудің жедел жәрдем институтында үйренген тәсілмен облыста уланған науқастарға қан алмастыру арқылы ота жасауды бастандырды. Досхананың ағеден пейілі, ізденісті нәтижемен баянды етуге ұмтылысы облыстық аурухананың бас дәрігері Шәдібай Абдуллаевтың өзін тәнті қылды. Облыстың бас хирургіне көмекші міндеті жас маманға таптырмас тәжірибе мектебі болды. Рановқа бедел мен сенім қатарласа қол созды. Арал дегенде омыраулай жөнелетін аймақшыл азаматты 1971 жылы жерлестері алақайлап қарсы алды. Аудандық ауруханаға травматолог-ортопед қызметіне орналасты. Жарқын жүзді, қолы құтты хирург жыл санап халық құшағына еніп бара жатты. Ананың алғысы, атаның батасы, сала басшылығының мақтауы мерейін асырды. Ауру азабын тартқандар алыс-жақыннан Аралға қарай ағылып, Дос ханаға маңдай тіреп, медет тапты. Ол биіктікті аңсады. Бағына қарай, алдынан үнемі көш бастарлар ұшырасты. Меди цина ғылымының докторы Ш. Абдуллаев пен алматылық профессор А.Егізбаев емдеу практикасына негіздеп ғылыммен айналысуға кеңес қосты. Институт қабырғасында студенттік конференцияда балықшыларда кездесетін кәсіби жарақатты емдеу туралы баяндама жасағаны кәдеге асты. Мәскеулік белгілі ғалым К.А.Пальговтың жетекшілігімен Алматы медицина институтында ғылыми зерттеу жүргізді. Балықшы ауылдарын ара лап, өндіріспен байланысты теңіз тарландарының денсаулығына алаңдаушылықпен атсалысты. Білім жетілдіру сапарлары Одақ көлемін шарлатты. Хирур гия жұлдыздары мәскеулік В.А.Поляковтың, А.И.Каплан мен М.А. Свердловтың дәрістерін тың дап, сирек операциялар сырына қанықты. Алматылық профессор Е.Азаровадан бас пен миға ота жасау ерекшелігін шеберлікпен меңгерді. Соның нәтижесінде 1975 жылы облыста алғашқылардың бірі болып бірінші санатты хирург- травматолог атанды. Ауылдастары, шипа тапқан науқастар, әріптестері кәдімгідей өзімсініп «біздің Досхана» деп көтермелейтіні қандай шынайы. Үлкенмен де, кішімен шүйіркелесе кететін далалық кеңдігін айтсаңшы?! Әрбір күрделі операция жау шебіне аттанумен бірдей еді. Тас-түйін әзірлікке ота жасау барысында жедел түзету енгізу дәрігер көрегендігінен ғана туындайды. Ауру азабын қағаздағы жазбалар емес, дер кезінде дәл белгіленген ем жеңілейтетінін басты назарда ұстады. Ранов үшін науқасты емдеу серіктесі ретінде жақын тұту, бойын дағы күрескерлік рухты ояту өте қымбат болатын. Қалғаны шеберлік атты әміршіге байланысты. Келер жылы медицина майталманы Досхана Рановтың шипагерлік өмірбаянына 50 жыл толады. Маңдайды шыпшытып, саусақты қарыстырған он мыңнан астам операциядан күлімдеп шыққан шуақты сәтіне баға жетер ме?! Тікелей бастамасымен ашылған травматология бөлімшесінің 35 жылдығы да қол бұлғайды. Шыққан мінбесіне айбат қосатын танымал дәрігер қоғамдық жұмыстан да шет қалған емес. Насихатшылық ау қымы, кәсіподақ жана шыры, спорт пен етенелігі сияқты қосымша қырлары да бәрекелді дегізген. Қауым мен ортасына бауырдан бетер жік- жапар болатын дархандығы жүрек жылытатын. Балалық шақ қолтаңбасы Жалаңаштың кең аңғарлы шағын аралшық іспетті сайынан ізделетін Досхананың балуан бейнелі тұлғасынан үнемі ауыл иісі аңқып тұратын. Дәстүрлі медицинаға қоса халықтық емдеу үрдісінен де хабардарлығы осал емес-ті. Арғы атасы Сасықбай бақсының рухы, емші Іңкәр әжесінің ала қан қызуы екіұдай сәттерде көмекке келетінін жарнамалай бермейтін. Лебі мен демі, алақандағы тылсым күш, саусақтағы нәзіктіктің қиюласуы сырқат сергелдеңіне түскендерді талай қалыпты емес жағдайлардан қорғап қалғаны айтуға ғана оңай. Бұл құпиялықтың астарында кемеліне келген кәсібилік төрелікке шақырады. Әріптестері әлі күнге Рановты пір тұтады. Ойларына түссе болды, аурухана дәлізімен маңдайы жарқырап, алшаң басып келе жатқандай сезінеді. Елизаров аппаратын жетік меңгеру арқылы қаншама сырқаттың екі аяғын тең басуына кепіл болғаны, тамыр жалғау, сіңір ұзарту тәрізді ептілік дағдысы, сынықты бітістірудегі табиғи дарыны, емдеу үстіндегі ойлау өткірлігі өз алдына бір төбе. Арал, Қазалы ауданы үшін Досхана ортақ дәрігер дәрежесіндегі танымалдыққа жетті. Облыстан, тіпті басқа өңірлерден арнайы ат арытып Рановқа қаралып сауыққандар қатары да жүздеп саналады. Ол шынайы алғыспен қанаттанды. Мықтылығын мойындатам деп тыраштанған жоқ. Атақ қууға аблығып асықпады. Даңқ дәмін ел ықыласынан артық санамады. Ешқашан бата мен алғысты марапат шапанына айырбастамады. Оған жоғары санатты хирург деген біліктілік өлшемі жеткілікті болды. Ол айналасына құрметпен, қайырыммен қарады. Жан жары Раяға аманаттаған ұлдары Изатулла, Әділет, Әділжан, қыздары Ботакөз бен Сәуле өзі сияқты еңбекшіл, қайсарлық бітімімен әке бейнесін қайталайды. Тәлімін көрген, қоштауын ұмытпаған әріптес інілері ағаларына арман болған асулардан көрінді. Асылхан Нұрқожаев денсаулық сақтау ісінің үздігі, Толыбай Медетов медицина ғылымының кандидаты, Әмірхан Жүсіпов ауданның құрметті азаматы мәртебесін иеленді. Ғабит Нұрғалиев пен Тұрғанбек Ерсейітов те абырой сатысында. Мақтаулы шәкірттері Досхана мектебінің жалаугері һәм дәнекері іспеттес. Өлшеулі өмір Досхана сынды дүлдүл дәрігердің де нұрлы дидарын сағыныш әлемінен іздетуде. Халық әрқашан Рановтарға төрден орын берген. Партизан Шәріп, майдангер Мұңайтпас ағалардың өзі дербес қастерлеуге тұратын лайықты тұлғалар. Рановтар мәртебесін жаңа биікке көтерген, қолына құт дарыған ерекше хирург Досханадай дарабозды қалай ардақтасақ та артық болмас еді. Тарихи әр кезеңде Аралдың атын аспандатқан Рановтар династиясының ту ұстары Досхана есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Оны құрметтеудің жалғасын дәрігерлер қауым дастығы ескеретіндігі даусыз.

 

Жаңабай КЕМАЛ.

Арал қаласы.

«Толқын» газеті, 13 маусым 2017 жыл

Просмотров: 1695 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]