Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:31
ҚОЛЫ ЖЕҢІЛ ХИРУРГ

Ақтөбе мемлекеттік медицина уни­верситетін «емдеу ісі» бойынша тәмамдаған оның еңбек жолы сан қилы. Қызмет баспалдағын Қызылорда қаласындағы облыстық ауруханадан бас­тап, Қармақшыда жалғастырған. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген уақытта кіндік қаны тамған Қазалы ауданындағы аурухананың хирургия бөлімінің меңге­рушісі қызметіне келген.

Қай кезде де дәрігерлердің арқалар аманаты ауыр екендігі рас. Әсіресе, бөгде бір жанның тағдыры қолында тұратын хирургтікі тіптен қиын. Үздіксіз біліміңді жетілдіріп, толықтырып отыруға тура келеді. Осы орайда, кейіпкеріміз Астана, Алматы, Иркутск, Павлодар, Ақтөбе қалаларының мықты институттарында уролог, хирург, МСГО тақырыптары бойынша білімін жетілдірген. Ол жасаған көптеген сәтті операциялар мен оталарды осынау асқан білімінің нәтижесі деуге толық негіз бар.

«Ердің атын еңбек шығарады» деген тәмсіл бекер айтылмаған. Көбек Әбдібақыұлының көп жылғы төккен тері мен ел-халыққа жасаған еңбегі ескеріліп, түрлі дәрежедегі дипломдармен мара­патталған. Оның ішінде, аудан, облыс, әкімдерінің «Алғыс хаттарын», ден­саулық сақтау де­пар­­таментінің мадақ­та­маларын иеленген. Сон­дай-ақ, «КСРО са­ни­тарлық қорғаныс үз­дігі» төс­белгісінің, төрт рет аудандық, бір рет облыстық «Үздік дәрігер» атағының иегері. Мұнымен қатар, ақ халатты абзал жанға 2012 жылы «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. Бірақ, аталмыш марапаттың барлығынан да Көбекең үшін ең жоғарғы шен халықтың батасы, алдына келген науқастың риясыз пейілі екендігі сөзсіз.

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» демекші, Көбек Наршабаевтың отбасын дәрігерлер династиясы деуге болады. Үлкен ұлы Бақытжан аудандық орталық ауруханада хирург болса, қызы Раушан Жалағаш аудандық орталық ауруханасының терапевті. Тіпті, келіні Ботакөз де Қазалыдағы ауруханада дәрігер статист қызметінде. Ал шаңырағының кенжесі Ербақыт болса М.Оспанов атындағы медицина университетінің студенті. Болашағынан үміт күттіретін дәрігер.

Қазалы тұрғындарының құрме­тіне бөленіп жүрген Көбек Наршабаев отбасында жары Жансұлу екеуі төрт бала тәрбиелеп өсірген ардақты әке, атпал азамат.

Есет ТАБЫНБАЕВ

http://qazaly.kz/oly-zhe-il-hirurg/

Просмотров: 1094 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]