Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:26
ОФТАЛЬМОЛОГТЫҢ профилактикалық медициналық тексеру жұмыстары

Екі көзің қос шырағың екені даусыз. Сезім мүшелерінің ішіндегі ең маңыздысы – көз. Сол арқылы біз сыртқы дүниеден түсетін мәліметтердің 90 пайызын аламыз. Көру мүшесі көмекші аппараттан, көз алмасынан, көру нервісінен және ми қыртысындағы көру орталығынан тұрады. Жаһандану заманындағы жаңа технологияның кері әсерінен болар, мектеп жасындағы оқушылардың көру қабілеті төмендеп барады. Олай деуімізге себеп мектеп оқушылары арасында жүргізіліп жатқан тексеру нәтижесінен білуге болады. Тіпті мек- тепке енді баратын бүлдіршіндердің арасында да көзі нашар көретіндер жетерлік. Оған біріншіден заманауи смартфондар, яғни күнделікті өмірде жиі қолданатын телефондардың себеп болатыны айтпаса да белгілі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №361 бұйрығына сәйкес жасөспірімдерді профилактикалық тексеруден өткізіп, балалардың көру кабілеті мен олардың даму ерекшеліктеріне байланысты ауруларды ерте анықтауға және дамуына алдын алуға бағытталған шаралар жүргізілуі тиіс. Осыған орай мектептердегі 2000, 2001, 2002, 2003, 2005, 2007 жылы туылған жасөспірімдердің көру қабілетін анықтау үшін профилактикалық тексеру жүргізілу үстінде.

Қарапайым ұялы телефондарын қымбат смартфондарға ауыстыруы себебінен көптеген оқушылардың көздерінің алыстан көрмеуі себеп болуда. Сондай-ақ, балалардың нашар көрушілігінің басты себебі көру гигиенасын сақтамаудан, компьютер мен теледидар алдында сағаттап отырудан, дене қимылдарымен жеткіліксіз айналысуынан болады. Сондықтан балаларыңыздың көзі ауыра бастаған кезден бастап дәрігерге көрініп, айтқан емдерін уақытында орындап жүрсе, аурудың алдын алуға болатынын ескертеміз.

Көз ауруында алыстан немесе жақыннан көрмейтін, кейде қосарланып көріну жағдайлары да кездеседі. Қатты ауырсыну кезі де болуы мүмкін. Көзді шаршатпай, демалуын бақылаған пайдалы. Ең қажеті дәрігерден кеңес алып, көзді емдеудің қамын жасау қажет. Ата-аналар балаларына бір сәт болса да көңіл бөліп, олардың денсаулығына атүсті қарауға болмайтынын қатаң ескертеміз. Өйткені әрбір үйде телевизор, компьютер, қалта телефоны сияқты қазіргі заманғы техникалардың пайдасымен бірге зияны да өте көп. Баланың сырқаттанғаны білінісімен дәрігерге көрсету қажет. Баланы өмір бойы жекебас тазалығын сақтауға, мұқият болуға үйреткен жөн.

 

Сурет Queen-Time.Ru сайтынан алынды

 

Индира ШАХМАРДАНҚЫЗЫ,

«Көкшоқы» ауылдық емханасының офтальмолог-дәрігері,

Шиелі ауданы

 

«Өскен өңір» 19 наурыз 2017 жыл

 

Просмотров: 1928 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]