Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:35
Министр: «Өлім-жітім көрсеткіші азаймай тұр»

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен кеңейтілген отырыс барысында еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов 2016 жылды қорытындылай келе, соңғы 10 жылдықта қазақстандықтардың денсаулығы айтарлықтай жақсарғанын айтып өтті. Әйтсе де тұрғындар арасында қан айналым жүйесінің сырқатына шалдыққандардың қатары ұлғайып отыр. Оның ішінде жүрек талмасы ауруынан көз жұматындардың қатары да артқан.

Қазір қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрап отыр. Бірақ бұл Дамудың экономикалық ынтымақтастығы ұйымының стандарттарына сай келмейді.

«ДЭЫҰ-да орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жас деп көрсетілген. Соңғы он жылда ана өлімі 3,5 пайызға қысқарды. Бұл үлкен жетістік, әйтсе де біздің көрсеткішіміз дамыған елдерден бірнеше есе жоғарып болып тұр. Ал бала өлімінің көрсеткіші тіптен жоғары. Өлім-жітімге әкеп соқтыратын сырқаттардың қатарында қан айналым жүйесі аурулары көш бастап тұр. Оның ішінде инфаркт, тыныс алу жолдарының аурулары кең таралған», – дейді Біртанов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда адам өліміне ұшырататын аурулардың дені созылмалы және инфекциялық емес аурулар болып табылады. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келетін шаралардың бәрін жасауда. Айтарлықтай нәтиже бар. Әйтсе де дамыған елдердің стандартында әлі жетпейді. Мәселен соңғы жылдары жатыр мойыны қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі және колоректальды қатерлі ісіктен айыққан науқастардың үлес салмағы 50,2%-ды құраған. Ал ДЭЫҰ-да бұл көрсеткіш 91%-ды құрайды.

«Соңғы 10 жылда улану мен жарақаттан қаза табатындардың көрсеткіші төмендеді. Алайда ана мен бала өмірін сақтап қалуда айтарлықтай нәтижеге қолжеткізген жоқпыз. Әрі жасанды түсік жасатушылардың саны артып келеді. Оның сыры бізге белгісіз. Менің ойымша жүйені қайта қарап шығу керек. Егер біз өлім-жітім көрсеткішін азайтқымыз келсе, онда инфроструктураны дамыту мәселесін назарға алу қажет», – дейді министр.

Биртановтың айтуынша, қазір елдегі шағын ауруханалардың санын азайтып, көп бағытта көмек көрсететін ауруханаларды ұлғайту мәселесі қарастырылуда. Осы арқылы науқастарға тиімді реанимациялық көмек көрсетіледі және олардың өмірін сақтап қалу мүмкіндігі де арта түседі.

Сұлтан Жомартұлы
«Қасым-ақпарат»

http://qasym.kz/olim-zhitim-korsetkishi-azajmaj-tur/

Просмотров: 867 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]