Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:02
МАМАНДЫҚТЫ МАҚТАН ЕТКЕН

 №2 қалалық емханаға бару сәтті түсті. Терапевт-дәрігер – Күмісбева Гүлнара Әлібекқызына жолығып, жанымды жегідей жеген ауруымды айттым. Ол мені алдымен жақсылап тыңдап алды да, тексеруді бастады. Өзімнің әлсіздігімді сезгеннен емханаға келгеніме шүкіршілік айтты. Шындығында денсаулығы сыр берген халықтың емхана есігін жағалап, скринингтік тексеруге келе бермейтіні жасырын емес. Ауруды бойымызға сіңіріп алып, содан кейін ғана дәрігерге жүгінеміз. Себебі бір есіктен, екінші есікке кезекке тұру қиын соқтырады. Оның үстіне талон деген тағы бар. Уақыт белгілеп қояды, сонда да кезекке тұрғанын. Әйтеуір әрең дегенде дәрігердің қабылдауына кіресін. Бірақ соның өзінде бір топ анализ тапсыруға жолдама береді. Дәрігер медбикеге жіберді. Қан алып, маған екпе егуді тапсырды. Сондағы медбике қатты ұнап қалды. Сыпайы, қарапайым қазақ– Айкүміс бәрін жсап бақты.
Айкүміс Мусаева Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округінде 1991 жылы дүниеге келген. №138 Абай атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған. Қызылорда медицина колледжінің түлегі. Алғашқы қадамын №2 қалалық емханаға медбике болып бастады. 2015 жылы Алматы қаласындағы Республикалық есту қабілетін қалпына келтіру орталығында дәрігердің медбикесі болып жұмыс істеген. Туған еліне қайта оралып, 2016 жылы №2 қалалық емханаға жұмысқа орналасты. Бала кезінен дәрігер болуды армандаған Айкүмістің халыққа титімдей пайдам тисе деген ғана қалауы бар.
– «Ақхалатты абзал жандарға қатты қызығатынмын. Денсаулығың сыр берген сәтте қол ұшын созуға дайын тұрады. Қиын мамандық екенін де сездім. Адам өміріне араша түсу оңай емес. Тәуекелге бел бууға тура келеді. Жаныңды шүберекке түйесің. Бір науқас ауруынан айықса, оның батасын аласың. Қорыққаның — әп сәтте тыйылады. Жұрттың ризашылығына бөлену, үлкен сауапты іс істеу–әр адамның парызы. Көпшіліктің ризашылығын алғаннан артығы жоқ. Әр науқастың ауруы әр түрлі болады. Тек емхана есігін жағалаған науқастар саны азайса деген тілегім бар», — дейді ол.
Медбике мамандығы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мен елді мекендердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Білімді медбикелерді дайындау–денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі. Медбике– ойлау қабілеті жоғары, адамдармен тез тіл табыса білетін, жаңашырлық танытатын бастысы өз ісің жетік білетін маман болғаны жөн. Медбикеге қойылар басты – талап-науқастың жан-жарасын емдеу, оған қиын сәттен қолдау көрсету. Міне, осындай адал жандар жетерлік.
Қай жерің ауырса, жаның сол жерде. Ауру жаңына батып тұрғанда ең жақын адамға емес, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп жатамыз. Адамның өміріне қатысы бар дәрігер қауымдарынан қамқорлықты сезгісі келіп, сеніммен барамыз.
– Медбике жұмысы тек қызық қана емес, сонымен қатар ең қиын жұмыстардың бірі. Біздің алдымызға әртүрлі жарақаттары бар науқастар келеді, сол үшін медбикенің білері көп болу керек. Ол науқасқа аса мейіріммен, ерекше жылулықпен қарауы қажет. Болашақта мамандығымды жалғастырып, елге пайдасы тиер істі одан әрі жетілдірсем деген ниетім бар»,-дейді Айкүміс

Мөлдір САБЫРЖАН

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/mamandy-ty-ma-tan-etken/

Просмотров: 1776 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]