Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:15
МӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер өздері және қызметкерлері үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды аудара бастайды.
Жаңа жүйені өңірдегі ірі компанияларға түсіндіру бойынша құрылған жұмысшы тобының құрамына Қызылорда облысының кірістер департаментінің қызметкерлері де кірді. Алғашқы кездесу «Торғай-Петролеум» АҚ қызметкерлерімен өтті. Топ құрамындағы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері К.Рысмұхамедова, №1 емхананың бас дәрігері орынбасары Л.Әбдіразақова және Қызылорда облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы А.Айдыхановтар тарапынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу бөлігі бойынша жаңа ережелер түсіндірілді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы медициналық сақтандыру жарналарын төлеу 1 шілдеден күшіне еніп, осыдан бастап жұмыс берушілер және дара кәсіпкерлер аударымдарын төлеуді бастайды.
2018
жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға мемлекет пен халықтың белсенді емес бөлігі, ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан жұмысшылардың өздері қосылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта занның жобасында жарналардың төлеу ставкалары мөлшерін төмендету бойынша өзгерістер карастырылып отырғанын айта кету керек.
Осы жылғы 1 шілдеден бастап дара кәсіпкерлер де жарна төлеуді бастайды. Жаңа жобада кәсіпкердің табысына қарамай, екі төменгі жалақы көлемінің 5 пайызына тең стандартты ставка белгіленген.
2018
жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жеңілдіктер белгіленген 14 санат бойынша төлей бастайды: олардың қатарында балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласы бар және 18 жасқа дейін мүгедек балаға күтім жасайтын әйелдер, жұмыс істемейтін оралмандар, сотталғандар, жұмыссыздар, студенттер және үш ай көлемінде жұмыс іздеп жүрген университет түлектері бар. Бұл санатта елімізде 10 млн. адам бар. Ставкасыеліміздегі 2016 жылғы орташа жалақы көлемінің 3,75 пайызы.

http://syr-media.kz/news/m-ms-zh-jesi-bojynsha-t-sindirme-zh-mystary-zh-rgizilude/

Просмотров: 768 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]