Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:18
Елімізде соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2,3 есеге азайған

2 Елімізде соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2,3 есеге азайған. Ал осы дерттің кесірінен болатын өлім-жітім саны 5 есе қысқарды. Бұл туралы Ұлттық физио-пульмонология ғылыми орталығы хабарлады. Алматыда өткен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференцияда бірқатар өзекті мәселелер сөз болды. Мамандар студенттер мен мигранттар арасындағы жұқпалы ауруды анықтау мен емдеудің қолжетімділігін талқылады. Жаңа дәрілерді қолдануға да тоқталды. Туберкулезге қарсы күреске биыл 35 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, жаһандық қордан 17,6 миллион доллар грант бөлінген. Былтыр қабылданған Ұлттық стратегия да оң нәтижесін бере бастады дейді мамандар.

Жұмағали Исмаилов, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:

- Жалпы Қазақстанға келсек, өткен жылдың нәтижесі бойынша туберкулездің аурушаңдығы 9,9 пайызға төмендеп, ал оның таралуы, яғни бірінші рет ауырғанмен, жаңағы рецидивтік түрлері 13 пайызға төмендеп отыр. Балалардың арасында туберкулездің таралуы 21,6 пайызға төмендеді. Ал жалпы өлім-жітім туберкулездің салдарынан 17 пайызға төмендеп отыр.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/169461-elimizde-so-y-10-zhylda-tuberkulezben-syr-attanu-k-rsetkishi-2-3-esege-azaj-an

Просмотров: 756 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]