09:31 Елімізде 7914 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді |
09.06.2017
Қазақстанның аурухана төсектерімен қамтамасыз ету көрсеткіші Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6%-ға жоғары. Бұл жөнінде бүгін құзырлы министрлікте өткен жиында белгілі болды. Басқосуда 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы талқыланды. Ресми дерек бойынша, қазір елімізде 7 мың 914 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Бұған қоса стационарлық көмек көрсететін 800-ден астам ұйым бар. Сан көңіл көншітерлік. Ал сапаға келгенде түрлі мәселелер туындап жатады. Оның бірқатары бүгінгі жиында жан-жақты талқыланып, тиімді шешу жолдары ортаға салынды.
Аслан Кинаятов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры:
- Жеке сектор тиімді бизнес процестерді қолдануға, ресурстарды оңтайлы пайдалануға және көрсетілген медициналық көмектен пайда табуға бағдарланған. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, денсаулық сақтау саласының ағымдағы инвестициялық қажеттілігі 1 трлн теңгені құрайды. Осыған байланысты инфрақұрылымды тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін қолдану қажет.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/181429-elimizde-7914-densauly-sa-tau-nysany-zh-mys-istejdi
|
Просмотров: 1710 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]