Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:57
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДА ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс Бас трансплантологы Серік Жарықов Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында Алматы қаласындағы клиникалық ауруханалардың бірінде бүйрек ауыстыру кезінде орын алған қайғылы оқиға еліміздегі трансплантологияны дамытуға еш әсер етпейтінін жеткізді.

«Алматы қаласының 7 клиникалық ауруханада туыстық донор нәтижесінде қайғылы оқиғаға байланысты түсініктеме беріп кеткім келеді. 28 жасар емделуші ауруханаға туыстық трансплантацияға түскен еді. Бұл кісіден оң жақ бүйрек алынды, өкінішке орай, 12 тәулікке қараған күні жоспарлы отадан кейін емделушінің жағдайы қиындап, қайтыс болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Және сот-медициналық сарапшының бағасынан кейін дәрігердің ісіне құқықтық баға берілетін болады»,-деді спикер.

Серік Жарықовтың мәлімдеуінше, Қазақстанда 1979 жылдан бері трансплантация жүргізілуде. Дегенмен, 2012 жылы ғана адамның жүрегі басқа адамға орнатылғаннан кейін трансплантация нақты дами бастады.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі трансплантология көмегін дамыту бағытында қарқынды жұмыстарды бастап кетті. Бұндай орталықтар Астана және Алматы қалаларында ұсынылуда. Шымкент қаласында трансплантация орталығы іске қосылды. Ақтөбе қаласында орталық барлық батыс аймақты қамтуда. Ендігі кезекте, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында осындай орталықтың ашылуы жоспарлануда,-деді ол.

http://qazaly.kz/densauly-sa-tau-ministrligi-aza-standa-transplantologiya-salasyn-damytudy-zhal-astyrady/

Просмотров: 1525 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]