Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:14
Қазақстандықтар МӘМС жүйесінің медицинаны жаңа деңгейге көтеретініне күмәнмен қарайды

15.06.2017

Қазақстандықтардың 80 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан хабардар. Алайда оның тең жартысы жаңашылдықтың бұл саланы жаңа деңгейге көтеретініне күмәнмен қарайды. Астана экономикалық форумында сөз алған еліміздің Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Елжан Біртановтың айтуынша, бұл – тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы. Дегенмен министр халық пікірімен келіспей отыр. Өйткені жаңа бастаманың ең алдымен медициналық қызмет сапасын арттыратынына сенімді. Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап бұл мақсатта алғашқы жарна төлене бастайды. Осылайша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өту 2022 жылға дейін жалғасады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Елімізде МӘМС жүйесін енгізу – Елбасының Ұлт жоспарына енгізілген ерекше қадам. Осыған сәйкес, біріншіден, 2015 жылы арнайы заң қабылданды. 2 жылдың ішінде біз өзіміз шетелдік сарапшылармен қосымша жұмыс өткіздік. Заңдарға бірнеше өзгерістер енгізілді.

Гинтарас Кацявичюс, Ұлттық медициналық сақтандыру қоры департамент директоры (Литва):

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бірден өту мүмкін емес. Бұл – ұзақ процесс. Мәселен, Литва осыдан 20 жыл бұрын осы жүйені енгізді. Алайда әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Дегенмен уақыт реформаның қажетті екенін дәлелдеп берді. Сол секілді Қазақстанның да аталған жүйені енгізуі дұрыс деп ойлаймын.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/182416-ejge-k-teretinine-k-m-nmen-arajdy

 

Просмотров: 859 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]