Қазақстанда бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар, барлық дәрігерлер үшін бірыңғай ақпарат алмасу қызметі және әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл туралы «Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды дамыту» тақырыбында өткен баспасөз-конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының м.а. Олжас Әбішев және «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелер дирекциясы бизнес-шешімдерді әзірлеу орталығының басшысы Жанар Мұрзаханова хабарлады.
«Бірлескен жобалардың бірі ретінде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық mail.kz электрондық сервисінің порталы негізінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған бірыңғай электрондық почталық сервисі жобасын іске қосу болып табылады, мұнда @med.mail.kz атты доменді медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған дербес почталық сервис әзірленген. Аталған сервис барлық медицина қызметкерлерінің бірыңғай ақпарат алмасу, медицина тақырыбындағы қозғалатын мәселелерді талқылау ортасы ретінде қолдануына арналған», — деді Олжас Әбішев.
Ж.Мұрзаханованың айтуынша, бюджеттік процесстердің айқындығын қамтамасыз ету және медициналық ұйымдар қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алуды қаматамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ бұлтты технологиялар негізінде бухгалтерлік және кадрлық есептің орталықтандырылған жүйесін іске асыру туралы келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар Олжас Әбішевтің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қараша айында бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар іске қосылады.
«Осыған ұқсас қосымшалар Ұлыбританияда, Аустралияда, Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде пайдаланылады. 2017 жылдың соңына дейін патронаж мейіргері және жас ата-аналар кішкентай балаларға күтім көрсетуге арналған арнайы мобильді қосымшаларды пайдалана алады. Мобильді қосымшалар Қазақстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы арасында қол қойылған келісім шеңберінде әзірленетін болады. «Патронаж мейіргері» мобильді қосымшасын пайдалану бала туралы деректерді толтыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жеңілдетеді. Мейіргер үй жағдайында балаға және ата-анаға көбірек көңіл бөле алады. Ақпаратты электрондық түрде енгізу көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттырады және деректерді жоғалту тәуекелін азайтады», — деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының м.а.
Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік банкпен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жобасы туралы жете тоқталып өтті.
«Платформаның негізгі компоненттерінің бірі электрондық денсаулық төлқұжаты (әрі қарай — ЭДТ) болып табылады. Пациенттерге арналған ЭДТ денсаулығы жөніндегі ақпаратқа, дербестендірілген ұсынымдар мен ескертулерге қолжетімділік береді. Медицина қызметкерлері болса пациенттің денсаулығы туралы өмір бойы жинақталатын ақпаратты біле алады, бұл клиникалық шешімдерді қабылдауға, медициналық қателіктерді қысқартуға көмектеседі» – деді Әбішев Олжас.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: әлемдік бәсекеге қабілеттілік» атты осы жолғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдында денсаулық сақтауды қажетті деңгейде ақпараттандыруды қамтамасыз етуді тапсырған.
http://tolqyn.kz/aza-standa-rbir-azamatty-elektrondy-densauly-t-l-zhaty-bolady/ |