Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:19
Астананың дәрігерлеріне шұғыл түрде ағылшынша үйрену қажет

Астананың дәрігерлеріне шұғыл түрде ағылшынша үйрену қажет. Денсаулық сақтау министрі әріптестеріне осындай үндеу тастады. Елжан Біртанов ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде ақ халаттылар ең болмаса базалық ағылшынша білуі тиіс деді. Министр бұл бастамасын елордадағы емханалардың бірін аралау барысында айтты.

Есіктен кіргеннен қарсы алып, жөн сілтеген медициналық қызметкерлер мен кезегін күткен бірен-саран адам. Әдетте дәрігердің алдында топталып тұратын халық жоқ. Мерекелік демалыстардың әсері ме, әлде сәлден соң министр келетін емхана болған соң ба? Қалай десек те, азаматтардың денсаулық сақтау саласына байланысты айтары көп.

Бұлминистр келмей тұрып айтылған пікірлер. Елжан Біртановтың өзі келген соң кезегін күткендер бірінен кейін бірі түйткілдерін тізбеледі.

Ал, 70 жастағы Өмірзақ апа дәрігерге телефон арқылы жазыла алмағанына ренішті. Аяғымның ауырғанына қарамастан әупірімдеп келгенде, керек маманыңа бірден кіре алмайсың дейді.

ӨМІРЗАҚ ТАЙЖАНОВА, зейнеткер:

- Ендіқазірмедбикегебарукерек. Медсестра - бог 5 поликлиники. Сосын дәрігерге бару керек. Беспорядок! Бұрынғыдай неге істемейді?

Министрдің алдында шағымын айтқан зейнеткердің мәселесі тез арада шешілетін сыңайлы. Сол жердегі бір топ қызметкер Өмірзақ апаны қоршап алып, "бәрін реттейміз" деп бөлек алып кетті. Ал, Елжан Біртанов айтылған мәселелердің бәрі жаңалық емес деп отыр. Білікті мамандардың дені жалақысы жоғары жеке медициналық ұйымдарда қызмет көрсететінін қынжыла айтқан министр, жаңа реформаның аясында мұның бәрі шешіледі дейді.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біріншіден - жергілікті емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысын көтеру қажет. Онсыз ешқандай жұмыс болмайды. Екіншіден күнделікті келіп жүрген халықтың консультацияға кіруін реттеу керек. Оған арнайы ақпараттық технология енгізуіміз керек.

Сондай-ақ, биыл жазда өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі барысында шетелдік қонақтарға қызмет көрсетуге дайындық тақырыбы да сөз болды. Министр, осы орайда астаналық дәрігерлер "ойын жеткізе аларлықтай ағылшынша үйреніп алсын" деген тапсырма берді. Яғни, 2 жарым айдай ғана уақыт қалды деген сөз.

 

Бақытнұр Әлібай, Ахмедияр Ілиясов

http://31.kz/video/show/id/17457/show/ib

 

Просмотров: 777 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]