Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:45
Аралда ашылған амбулаториялар

«Бірінші байлық – денсаулық» екендігіне ешқандай талас жоқтығы белгілі. Әрі бұл тақырып біздің елімізде тұрақты күн тәртібіне қойылған десек жаңылмаймыз. «Қоғамның басты байлығы – адам» қағидасымен халықтың денсаулығын жақсарту жайы мемлекетіміздің басты назарында тұр. Соған орай медицина саласын озық үлгідегі құрал-жабдықтар, білікті мамандар, жайлы нысандармен қамту шешімін табуда.

Жуырда теңіз перзенттері осындай қуанышты жайттың куәгері атанды. Бұл күн ауданға қарасты Аманөткел және Қаратерең ауылдық округі жұртшылығы үшін үлкен мерекемен пара-пар болды. Мұның өзіндік себебі де жеткілікті. Аталған екі ауылда қос бірдей жаңа амбулаториялық пункттің лентасы қиылып, тұрғындарға есігін айқара ашты.

Жаңа нысанның ашылу салатанатында сөз алған Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова енді басы аурып, балтыры сыздаған тұрғындардың аудан орталығына жүгінуден арылып, осы жаңа нысанда алғашқы медициналық қызметтермен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

Айта кетерлігі, әрбір денсаулық нысанына 104 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған екен. Әсем де жайлы ғимарттар заман талабына сай жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияларда 10 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған. Онда білікті медицина қызметкерлері жаңа қондырғылармен жұмыс  жасауда.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=7025:2017-03-02-06-10-47&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

Просмотров: 1621 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]