Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:48
АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

Басың ауырып, балтырың сыздағанда жанынан табылатын, кеселіңді дәл анықтап, қатарға қоюға барынша күш салатын дәрі-дәрмекпен қатар жылы сөзімен емдейтін ақ халатты абзал жандарға деген елдің құрметі қашанда ерекше. «Адам жанының инженері» деген құрметті атаққа лайық жандар ажалға араша тұрып, Гиппократ антына адал екендіктерін іс жүзінде көрсетіп келеді.
Денсаулық күзетінде тұрған жандар,
Әрбір науқасқа көңілін бұрған жандар.
Өмірге араша боп, дәнекер боп,
Әрбір таңы еңбекпен нұрланғандар.
Ақ халатты абзал жандардың тынымсыз еңбегін осы өлең жолдары айқын бейнелеп береді. Менің де емделіп қатарға қосылуыма аудандық мәслихат депутаты, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігері Манат Рүстемқызы Садықова басқаратын ұжым кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, кеселден сауығуыма дәнекер болды. Бұл ретте барша ұжым мүшелерін аудандық аурухана, жансақтау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Тимур Баджановты, мейірбикелер Гүлзира мен Анарды, аудандық емхананың бөлім меңгерушісі Сексенбай Ерімбетовті, емдеуші дәрігер Бағлан Мұхтаровты және уролог Серік Маханбетовті өткен «17 маусыммедицина қызметкерлері күнімен» шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына бақыт тілеймін. Еңбектеріңіз ел халықтың көңілінен шыға берсін деген аталық алғысымды білдіремін.

Әбутәліп Есенов,
ардагер-ұстаз, еңбек ардагері

http://tirshilik-tynysy.kz/al-ysym-sheksiz-2/

Просмотров: 1084 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]