Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:29
АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ҰЖЫМ

Тарихы өткен ғасырдың 1908 жылынан бастау алатын аудандық аурухана халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан жетекші мекеме. Әр жылдары әскери лазерет, қалалық медициналық қабылдау бөлмесi, аудандық аурухана сынды түрлі атаулармен аталып, қызмет аясы әралуан болғанына қарамай, аталмыш мекеме аудан көлемiндегi денсаулық сақтау саласы бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргiзiп келеді.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап медицина саласының «Бірыңғай жүйеге» көшуіне байланысты аудандық аурухана құрамына Қызылқұм, Бозкөл, Қожабақы, Бекарыстан би елді мекендеріндегі 4 ауылдық аурухана, тері-жіңішке аурулар диспансері, перзенхана бөлімдері қосылған.

Бүгінгі таңда аудандық аурухана бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері 230 науқасты қабылдауға қауқарлы.

Халық арасында «Ауруханаға барсаң, кезек күтіп ауруыңнан айығасың, емханаға барсаң, есік күтіп емделіп кетесің» деген сыңаржақ пікір қалыптасқан. Бұған мамандар тапшылығы мен медициналық қызметкерлердің жылы қабақпен қарсы алмай, үнемі қағазбасты, жұмысбасты болып жүргенін қосыңыз. Ауырып ем іздегенді ауырмайтын жолға бағыттайтын ақ халатты жандармен емделушілердің жылы қарым-қатынасын түзудің маңыздылығын облыс әкімі салалық жиындар мен басқосуларда үнемі айтып келеді.

Жақында жауапты қызметке бас дәрігер келді. Ауылда жүріп абыройы артқан, республикалық «Үздік ауыл дәрігері» конкурсының жеңімпазы, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Күншығар Әбілов туралы тұрғындар көзқарасы оң. Біз де жаңа басшы жаңалығымен келіп, науқастар наразылығын емес, назарын жағымды амалға бағыттайды деген ойдамыз.

«Қазалы» ақпарат

http://qazaly.kz/al-ys-ar-ala-an-zhym/

Просмотров: 1246 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]