Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:08
Ақтаулық дәрігерлер алғаш рет скальпель қолданбай операция жасады

Ақтау дәрігерлер скальпель операция Ақтаулық дәрігерлер алғаш рет скальпель қолданбай операция жасады. Науқас – шаршы алаңда аяғынан жарақат алған жас палуан. Тізе буынындағы зақымданған шеміршекті алып тастауға жарты сағат жұмсалды. Бұрын мұндай операциялар ашық түрде жасалатын. Салдарынан сырқаттың тез сауығып кетуі ұзаққа созылатын еді. Ендігі жерде озық технологиялардың нәтижесінде операцияға түскен науқас тез жазылады. Микрохирургиялық ем пышақсыз, денені екі жерден тесумен атқарылады. Сәйкесінше ағзада тыртық қалмайды. Ақ халаттылар жақын күндері тағы бес операция жасауды жоспарлап отыр.

Жәнібек Түймебаев, травматолог-ортопед:

- Операция инновациялық құралдардың көмегімен жасалады. Бейнекамерамен әрбір қимылымызды көріп отырамыз. Заманауи емдік шара науқастың клиникада жатып, емделер мерзімін қысқартты. Келешекте шынтақ және жамбас сүйектерін осы әдіспен операциялауды жоспарлап отырмыз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/167133-oldanbaj-operatsiya-zhasady

 

Просмотров: 1097 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]