Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:28
Ақсайлық дәрігер өзінің мамандығынан тыс ауруларды сәтті емдеп жүр

05.06.2017

Ерлікке бейбіт күнде де орын бар. Күнделікті тірлікте есімдері елеусіз қала беретін алайда қиын қыстау сәтте көмекке келетін абзал жандар жанымызда жүр. Солардың бірі – Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында тұратын Виталий Ан. Ол алдына келген науқастарды сауықтырумен қатар өмірге деген құштарлығын да арттыруға да қол ұшын береді. Виталий Ан дәрігерлер әулетінің өкілі. Әке-шешесі ақ халатты абзал жандар болған. Ал атасы халықтық медицинаны меңгерген емші ретінде ел есінде қалыпты. Кейіпкеріміздің мамандығы акушер-гинеколог. Бірақ соңғы жылдары науқастарды сылап-сипап жазумен айналысып, емдік терапияға ойысқан. Осыдан бір ай бұрын ол ұшақта келе жатып өздерін өте жайсыз сезінген екі бірдей адамды ажал тырнағынан алып қалады.

Виталий Ан, дәрігер:

- Ақтауға ұшып бара жаттым. Бір кезде жолаушы жас қыздың есінен тана бастағанын байқадым. Қан қысымы күрт көтеріліп кеткен екен. Экипаж мұшелері берген дәрі-дәрмектен қайран болмады. Дереу бас пен мойын аумағын уқалап, ем шарасын жасадым. 8 минуттан соң науқас өз-өзіне келді. Бірнеше минуттан соң дәрігер көмегі тағы бір адамға қажет болады. Миға ауа жетпеген ер адам есінен танып қалған. Сауатты іс-қимылдың нәтижесінде жолаушы санаулы минуттардан соң есін жиып, тілге келіпті.

Виталий Ан, дәрігер:

- Мұндай сәттерде ең бастысы абыржымау керек. Науқасты тыныштандырып, тиісті ем-домыңды жасайсың.Сол кезде ғана нәтиже болады. Дәрігердің қабылдау бөлмесінде емделушілер қалдырған алғыс пікірлер аз емес. Ұялы телефонына да тыным жоқтығын байқадық. Дертіне дауа тапқан жандар кейін өз туыстары мен таныстарын әкеліп жатады,- дейді дәрігер.

Алексей Иванов, емделуші:

- Виталий Константиновичті 10 жылдан бері білемін. Сол кезде әйелімім ауыр науқасқа ұшырап, жүруден қалған еді. Өзінің емдеу әдісімен зайыбымды емдеп жазып, аяғына тұрғызды. Әркез айналасына шуақ шашып жүретін осындай тамаша жандар көп болса дейміз.

Ан біраз жылдан бері корейлердің жер аударылу тарихы мен қуғын-сүргін кезеңінің зардаптарын зерттеп жүр. Жергілікті каратэ федерациясын басқаратын ол Қазақстан халқы Ассамблеясының да белсенді өкілі. Балалар үйлеріне қамқорлық көрсетуді өзіне парыз санайды. 7 жыл бұрын өзі асырап алған жеткіншек қазір дәрігерлер әулетінің дәстүрін жалғастырып келеді.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Ғазизов, Қанат Махмұтов

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/180659-aa

 

Просмотров: 976 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]