Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:26
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Əлемдегі байлық тек дүниемен өлшенбейді. Өмірдегі ең басты құндылық – денсаулық. Сол себептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса, ем іздеп, бəріміз алдына баратын дəрігерлердің қоғамда орны ерекше. Ақ халатты аб- зал жандардың əр еңбегін бағалап отыру – біздің ол кісілерге деген құрметімізді білдіреді. Қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген дəрігерлердің атқарған істері əрқашан қалың жұртшылықтың көңілінен шығуда. Сондай адамзат баласы ерекше қадір тұтатын маман иесі – Лəззат Алпысбаева. Ол кісінің есімі Шиелі ауданына қарасты Қызылқайың ауылына ерекше таныс. Себебі, абзал жан ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетіп, науқастың саулығын қалыптастырып қана қоймай, «Гиппократ антын» өзінің өмірлік кре- досы ретінде қабылдап, аянбай еңбек етіп келеді. Өз ісіне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Қызылқайың ауылында еңбек етіп жүргеніне 13 жыл толып отыр. Осы уақыттар ішінде ол талай жанның өміріне араша болып, біршама адамға жаңа өмір сыйлады. Қызылқайың ауылы Сырдария өзенінің жағасында орналасқандықтан көп жағдайда ауылда өткел бола бермейді. Қыстың ызғарлы бір айын- да сең жүріп, өткел болмаған уақытта жарық дүниеге бір сəбидің келуіне себеп- кер болып жан-тəнімен көмегін көрсетті. Қашанда өзіне өте талғампаз, қатал талаптар қойып отырады. Жүрегі мен аялы алақаны өте жұмсақ əрі мейірімді. Л.Алпысбаева ақ халатты абзал жан ғана емес, 4 ұл, 1 қыз тəрбиелеп отырған аяулы ана. Еліне қалтқысыз қызмет етіп, хал- қына қалаулы, еліне елеулі азаматша атанып отырған Лəззат апайымыздың еңбегіне жеміс пен табыс тілеймін!

 

Ақерке ҚАППАР, жас тілші.

«Өскен өңір» газеті. 13 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 1825 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]