Биыл талай жанды өлімнен арашалап, сауығуына септігін тигізген елімізге белгілі хирург, өз ісінің шынайы маманы Сағымбай Қарақұлұлы Құлсартов өз 80 жылдық мерейтойын асыл жары Мира Қасымқызы Ибраевамен бірге тойламақ.
Ерлі-зайыпты дәрігерлерді жерлестеріміз жарты ғасырдан астам уақыттан бері таниды. Қаламызда бұл дәрігерлерді “қолдары шипалы” деп атайды, олардың аттарын тек Қызылорда облысы ғана емес, бүкіл республика және тіпті одан тыс жерлерде де біледі.
Қос дәрігердің медицинадағы жолы 1954 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түскенде басталған. Сағымбай Құлсартовтың медицина саласында хирургия мамандығын таңдайтынына курстастарының күмәні болған жоқ. Сол сияқты барлық қыздардың ішінде, ал медициналық
...
Одан әрі оқыңыз »