Екі аяқты пенденің Жаратушыдан кейінгі жақыны да, сүйенері де – дәрігер. Басы ауырса, балтыры сыздаса, бүйрегі бүлк, жүрегі зырқ етсе ақ желеңді абзал жандардың көмегіне жүгінеді. Ежелден келе жатқан тәмсіл бар: «дәрігер – адам жанының арашашысы» деген. Рас сөз.
Бүгінде мемлекет медицина саласына молынан көңіл бөліп отыр. Ауруханалар мен емханаларды жаңа да заманауи, сапалы техникамен қамтамасыз етіп жатыр. Адам денсаулығы үшін, дәрігерлердің дер шағында көмек беру мақсатында жағдай жасалған. Сөзіміздің дәлелі ретінде айтайық, Қызылорданың Қазалы теміржол ауруханасында адамның ішкі құрылысынан бастап басына дейін тексеретін томографтар бар екен. Алыстағы ауданда орналасқан ауруханаға осындай жағдай жасалуының өзінен бар сырды аңғаруға
...
Одан әрі оқыңыз »