Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:36
ЖУРНАЛИСТЕР ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ


Соңғы жылдары Сыр медицинасы қарқынды дамып келеді. Себебі, өңірімізде денсаулық сақтау саласы жетіліп көңіл бөлініп ірі жобалар жүзеге асып, тың бастамалар қолға алынуда.

Бүгінде аталған саланың жетістігі мол. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз турын ұйымдастырып журналистер орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, адам жанына араша түсетін дәрігерлердің бір күндік жұмысына қанықты.

600 орындық ауруханада 23 клиникалық, 37 қосалқы бөлімше жұмыс істейді. Мұнда күндіз-түні науқастарға үздіксіз қызмет ететін 1330 қызметкер бар. Орталық – Сыр халқына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бірден-бір емдеу орны.

Баспасөз турында қаламгерлер ота залдарына кіріп, жұмысымен танысты. Күрделі операция жасалуына куә болды. Науқастармен сұхбаттасты. Дәрігерлердің ерең еңбегіне тәнті болды.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/kogam/10-ayma-zhurnalister-oblysty-medicina-ortalyy-zhmysymen-tanysty.html

Просмотров: 607 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]