Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:07
ЖАПОН ЕЛШІСІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ТАРТУ ЕТПЕК

Облысымызға Жапонияның Қазақстандағы елшісі Итиро Кавабата келеді деп күтілуде.
Әрине, елшінің өңірімізге келуіне басты себепоблыстың денсаулық сақтау саласына, соның ішінде жұқпалы аурулар ауруханасына 75 мың доллардың арнайы медициналық құрал-жабдықтарын тарту етпек. Бұл қондырғылармен жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарды емдеуге болады. Бұл шара екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтан туған келісім.
Тәуелсіздік алғалы Жапония Үкіметі еліміз бойынша 75 жобаға 5 487 468 доллар қаржы салған екен. Соның ішінде облыстың денсаулық сақтау саласына бірнеше рет грант бөлінген. Алғаш рет 2003 жылы Қазақстан мен Жапония Үкіметтерінің келісімі нәтижесінде, ең ірі жоба облыстық медицина орталығына 3 млн 800 мың доллардың медициналық құрал-жабдықтары грант түрінде алынды. 2004 жылы облыстық балалар ауруханасына құралжабдық алынған.
Бұл игілікті іс қайта жалғасып жатыр. Ертең облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жабдықталса, Астанада Қызылорда облысы бойынша тағы бір жобаға ,облыстық туберкулезге қарсы жасөспірімдер және балалар санаториясына құрал-жабдықтар алу үшін келісімге қол қойылды.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/zhapon-elshisi-meditsinaly-ral-zhabdy-tar-tartu-etpek/

Просмотров: 927 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]