Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:42
ЖАҢА ДӘРІХАНА АШЫЛДЫ

Бұл кезге дейін қаланың ортасын кесіп өтіп жатқан темір жолдың шығыс беткейіндегі тұрғындардың көтеріп келген мәселелерінің бірі-дәріхананың жоқтығы еді. Бұған дейін жаңа ауыл мөлтек ауданының ортасынан біреуі ашылған-ды. Енді міне, темір жолдың жиегінен Шанхай және Жаңа ауыл мөлтек аудандарына ортақ жерден заман талабына сай жаңа дәріхана жұмысын бастады. Жеке кәсіпкер Ж. Аманжоловтың бастамасымен халыққа есігін айқара ашқан Қазақстан дәріханасы бөлімшесінің орналасқан жері «Сити Центр» орталығының ішінде. Осы дәріхананың ашылу салатанатына аудан әкімі М. Оразбаев қатысты. Ол өз кезегінде кәсіпкерлік саланың ауданымызда тағы бір мәрте етек жайғанын, нәтижесінде жұмыссыздық мәселесіне оң әсерін тигізгендігіне ерекше тоқталып, жаңа дәріхананың жұмысына сәттілік тіледі. Сосын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Айбосынов сөз сабақтап, жаңа дәріхананы өз күшімен ашып жатқан азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Иә, халыққа сапалы қызмет көрсететін дәрі-дәрмек орталығы өз кезегінде 3 адамды жұмыспен қамтыды. Барлық талаптары қатаң сақталған дәріхананың іші түрлі дәрі-дәрмекке толтырылған. Онда қызмет атқаратын мамандар кез-келген тұрғынға алғашқы көмекті сол орында көрсетуге даяр. Бастысы халыққа қалтқысыз қазмет жасайтын осындай орындардың қаламызда көптеп ашылуы аса маңызды.

«Толқын» ақпарат.

http://tolqyn.kz/zha-a-d-rihana-ashyldy/

Просмотров: 947 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]