Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:46
Жаңа аурухананың іргетасы қаланды


 

Бүгін ауданымызға (Арал ауданы) аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев жұмыс сапармен келді. Аудан тұрғындарын ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаған аймақ басшысы ізгі тілегін білдіріп, 150 орындық аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайтын ғимарат 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, аталған нысан облыс әкімімен бекітілген аудан экономикасын дамытутың 2017-2020 жылға арналған жол картасына енгізілген ірі жобалардың бірі. Сонымен қатар жыл басынан бері ауданда денсаулық сақтау саласында Қаратерең және Аманөткел ауылдарында жаңа амбулаториялар пайдалануға беріліп, жасанды бүйрек, яғни диализ орталығы ашылды. Жыл соңына дейін Бекбауыл ауылында тағы бір жаңа амбулатория пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Сая Ералиева

https://www.facebook.com/

Просмотров: 834 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]