Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:43
ЖҰМЫСШЫЛАРҒА 20 МИНУТҚА МЫЗҒЫП АЛУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Көп жұмыскүйзелістің жоғары деңгейіне жеткізуі мүмкін. Қиын тапсырмалар мен шиеленіскен жағдайлар алғашқыда адреналинді арттырып, тым жоғары белсенділік тудырады.

Алайда, бұл кезең тез өтіп, артынша физикалық және ақыл-ой әлсіреуі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Zee News-қа сілтеме жасап.

Мамандар ағзаны «қайта жүктеу» үшін түскі уақытта «тынығу сағатын» енгізуге кеңес беруде.

Лидса университетінің қызметкерлері сондай-ақ келесі жайттарды анықтады: мұндай тәжірибе диабет, жүрек ауруларын, ұйқының қанбауынан туындайтын депрессиялық жағдайларды төмендетеді.

Статистикаға сәйкес, адамдардың 25 пайызы түнде 5 сағаттан кем уақыт ұйықтайды. Осы жағдайды ескере отырып, компания басшыларына кеңседе «тынығу уақытын» енгізу ұсынылуда. Олардың айтуынша, егер 14:00-ден 16:00-ге дейін 20 минутқа мызғып алса, жұмысшылардың креативті ойлау қабілеті артып, иммундық жүйенің жұмысы қалыпқа келеді. Ал, бұл өз кезегінде сырқатына байланысты жұмыстан қалушылардың санын қысқартады.

http://qazaly.kz/zh-mysshylar-a-20-minut-a-myz-yp-alu-a-r-sat-beru-synyldy/

Просмотров: 897 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]