Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:29
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР НЕГЕ ҰМЫТШАҚ БОЛАДЫ?

Ғалымдар жүктілік кезінде әйел миының құрылымы өзгеретінін дәлелдеді, деп жазады women.com сайтына сілтеме жасап Егемен Қазақстан. Голландияның Лейден университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, құрсағында баласы бар әйелдерде әлеуметтік сигналдарға жауап беретін ми бөлігінің қызметі бәсеңдейді. Яғни, осы бөліктегі мидың сұр заты азаяды да, жүкті әйелдерде ұмытшақтық пайда болып, бір нәрсеге қатты көңіл аудару қабілеті әлсірейді. Ғалымдардың айтуынша, мидың құрылымы екі жылдан кейін қайта қалпына келеді.

Зерттеу жүргізген ғалымдар жүктілік кезінде әлеуметтік сигналдарға жауап беретін ми бөлігіндегі сұр зат азайғанымен, адамның бет-әлпетін есте сақтау қабілетіне жауап беретін ми бөлігінде ол заттың көбейетінін айтты.

«Әрине, жүкті әйелдердің ұмытшақтығы туралы көп айтылады. Бірақ осылайша табиғат әр ана өз баласын тани білуі үшін жағдай жасайды», — дейді нейробиолог Эббот Макбет.

Жаңа туған шақалақтардың бір-біріне ұқсағанымен, оларды аналарының еш қиналмастан тануын ғылым осылайша түсіндіреді. Яғни, ананың адамның бет-әлпетін айыра білу және есте сақтау қабілеті артуы үшін жүктілік кезінде ұмытшақтық пайда болады.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/zh-kti-jelder-nege-mytsha-bolady/

Просмотров: 910 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]