Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:58
Қызылордада 4 мың ұстаз мәжбүрлі түрде міндетті емес медициналық тексеруден өткізілген

2017 жылғы 28 сәуір 15:34

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасы денсаулық сақтау туралы заңнамалардың қолданылуына жүргізілген талдау нәтижесінде мұғалімдердің «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларында» қаралмаған тексеру түрлері бойынша медициналық дәрігерлік тексеруден өтетіні анықталды. Ұстаздарға қызмет ақылы түрде көрсетілген. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады. Облыс прокуроры Х.Дәуешов, ереже талаптарына сәйкес, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері әрбір оқу жылының басында терапевт дәрігерінің қарауынан және флюорографиялық зерттеуден ғана өтуі тиістігін атап көрсетті. Тек өткен жылы ғана емханалар өздерінің бюджетін толтыру үшін 4 мың мұғалімді офтальмолог, отоларинголог, хирург, гинеколог және тағы басқа дәрігерлерден қосымша өтуді міндеттеген, осы арқылы 3,5 млн. теңге табыс тапқан. «Прокурорлық шаралар нәтижесінде емханалар оқытушылардан негізсіз алған ақшаны қайтаруда. Қазіргі таңда 2 мың мұғалімге 2 млн. теңге қайтарылды», - деп хабарлайды облыс прокуроры.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kz/kyzylordada-4-myn-ustaz-mazhburli-turde-mindetti-emes-medicinalyk-tekseruden-otkizilgen_a3021814

Просмотров: 416 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]