Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:09
Содырлар госпитальге шабуылдап, дәрігерлерге оқ жаудырды

Өздерін "Ислам мемлекеті" атаған террористік ұйымның содырлары кеше Кабул қаласындағы әскери госпитальге шабуыл жасап, дәрігерлер мен емделушілерге оқ жаудырды. Оқиға орнында 30 адам қайтыс болып, 70-тен астам адам ауыр жарақат алған еді. Бүгін террористтер қолынан қаза болғандар саны 49 адамға жетті.

 

Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ауруханаға дәрігерлердің ақ халатын киген 4 қарулы адам баса көктеп кірген. Оның біреуі ғимаратқа кірген бойда жарылыстан қайтыс болған. Қалған үшеуі науқастар мен госпиталь қызметкерлерін аяусыз қыра бастаған. Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің арнайы жасағы аурухананың төбесіне тікұшақпен қонып, алты сағат күрестен кейін ғана террористердің көзін жойған. АҚШ елшілігінің жанында орналасқан госпитальда бүкіл Ауғанстаннан келген 400-ден астам науқас әскери мен полиция қызметкерлері ем алып жатқан.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=qTARzfMuI7w

Просмотров: 771 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]