Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:02
Сенсация: Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түрін емдей алатын дәрі ойлап тапқанын мәлімдеді

© Amsalem Medical

Ресейлік ғалымдар қатерлі ісіктің барлық түрін емдейтін дәрі ойлап тапқанын және ғарышта сынақтан сәтті өткізкенін мәлімдеді. Бұл емдік препарат үш-төрт жылда науқастарға беріле бастайды. Бұл туралы "Известия" газетіне Федерал медико-биологиялық агенттігінің аса таза препараттар Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Андрей Симбирцев айтып берді.

Басылымның мәліметінше, бұл препарат биотехнология арқылы жасалған және қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа құрал. Айтуынша, жетістікке ғарышта өткізілген зерттеу арқылы қол жеткізілген, осылайша институт онкологияда нағыз революция болатын дәрінің клиникаалды сынағын аяқтады. "Препаратымыздың шартты атауы - "жылу шогының ақуызы" ("Белок теплового шока"). Бұл - адамның стрессорлық түрлі ықпалына жауап ретінде кез келген жасушасымен синтезделетін молекула. Мұның бар екенін ғалымдар ерте кезден білген. Бастапқыда ақуыздың жасушаны зақымнан қорғайтыны ғана күтілді. Ал кейін ерекше қасиеті бар екені анықталды - жасушасындағы иммундық жүйенің ісінген антигендерін көрсете алады және осылайша ісінуге қарсы иммундық ықпалын күшейтеді", - деді Симбирцев.


Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/sensatsiya-resey-galyimdaryi-katerl-sktn-barlyik-turn-emdey-278043/

Просмотров: 735 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]