Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:59
САРЫМСАҚТАН ҚАШПАҢЫЗ

 

Сарымсақтың бойында тұнып жатқан керемет қасиеттердің көпшілігі қадым замандардан бері белгілі. Мысырда атақты пирамидалар салынып жатқан қиын кезеңде сарымсақтың көмегі ұшан-теңіз болған. Яғни сарымсақты көптеп пайдалану арқылы жан-жақтан әкелінген құлдардың арасында болатын жұқпалы індеттердің өршуіне тосқауыл қойған. Ежелгі Грекия мен Римде де оның емдік қасиеттері жоғары бағаланған. Сарымсақ дегенді естісек, ең алдымен оның өзін елестетуден бұрын, иісі мұрынымызға келіп үлгереді. Жағымсыз иісіне бола оны жек көріп те жатамыз. Мұнымыз мүлде қате. Өйткені сарымсақтың біз біле бермейтін талай-талай кереметтері бар екен. Қазіргі таңда оның құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, адам ағзасы үшін пайдасы толық зерттелген. Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементі, темір, хлор, ақуыз бар. Осының барлығы қосылып келіп, сарымсаққа кереметтей емдік қасиет береді. Жұқпалы аурулардың алдын-алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ. Сарымсақ ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді. Сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды. Асқазан-ішек жолында кездесетін ауру тудырғыш бактериялардың өсуін тежеп, жағымды ішек флорасының дамуын ретке келтіреді. Оның ішек паразиттеріне, майда саңырауқұлақтарға әсері де зор. Сарымсақты жиі пайдаланып отыру асқазан мен ішек қатерлі ісігінің алдын алады. Сарымсақ тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды. Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек. Оны аспаздық жолмен өңдеген кезде пайдалы заттары жоғалып жатады. Сондықтан, шипа іздесеңіз, табиғи сарымсақты пайдаланған жөн.

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/sarymsa-tan-ashpa-yz/

Просмотров: 871 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]