Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:37
"Самұрық-Қазына Фармацияның" тағы бір былығы әшкере болды

28.03.17, 19:59

Президенттің сынынан кейін тексерістен көз ашпаған "Самұрық-Қазына Фармацияның" тағы бір былығы әшкере болды. Дәрі-дәрмек шығарушы компания мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен 6 жылда 27 миллиард теңгедей пайда көріпті. Бұл туралы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық мәселесі бойынша өткен жиында айтылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері осы салада қанша экономикалық заң бұзушылық тіркелгендігі де сөз болды.

 

Биыл 2 айдың ішінде пара алмақ болып немесе сол сияқты қылмыс жасағаны үшін 16 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал тағы 97 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Бұл көрсеткіш жыл соңында былтырғы статистикадан алыстамайтын сыңайлы.

 

АЛИК ШПЕКБАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары:

- 2016 жылы 80 лауазымды тұлғаға қатысты 200 астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 22 адам сотталды. Бұлар негізінен көп эпизодты қылмыстық істер. Сотталғандардың дені - Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары және Алматы қаласынан.

 

Отырысқа қатысқан денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтылған сындарды жоққа шығармады. Бірақ, аймақтық басқармаларға құзырымыз жүрмейді деп ақталды. Тіпті, басқарма басшыларын тағайындау кезінде министрлікке мақұлдату қажет деген заңды елемейтіндер де бар екен.

 

БОЛАТ ТӨКЕЖАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы:

- Бірқатар облыста денсаулық сақтау басқармасының басшысын министрліктің мақұлдауынсыз тағайындаған факттері анықталды. Бұл жетекшілердің лауазымына лайықтығы туралы хат жазып, тиісті әкімдіктерге жолдаймыз.

 

Бұдан бөлек, президенттің сынынан кейін басшылары жұмыстан қуылған "Самұрық Қазына-Фармация" компаниясының мәселесі де сөз болды. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері жаңа деректерді алға тартты.

 

РУСТАМ ЖҮРСІНОВ, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:

- Біздің есебіміз бойынша қосқан бағалары шамамен 9 пайыз. Бәсекелестік бойынша агенттік тексеріп, монополистік табысы 26, 7 миллиард теңге болғанын анықтаған. Ал айыппұл 1,3 миллиард теңге. Мұны бюджет қаржысын үнмедеу деуге келе ме?

 

Өзге де қатысушылар қол жетпес квота мәселесін, қарттарды ауруханалардың қабылдаудан қашқақтайтынын көтерді. Тіпті, дәрігерлерді білім беру орнынан бастап жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу керек дегендер болды. Өйткені, азаматтар қазір ауруханаға барудан қорқуға айналды дейді.

 

НҰРЛАН ЕРІМБЕТОВ, Саясаттанушы:

- Очень многие моих родных, друзья, близкие когда приходят в больницу они говорят "не подпускайте к этому врачу, я пойду к этому аксакалу, я пойду к этой тетке!" Потому что они боятся тех, кто купил диплом и режет наших близких.

 

БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, Тілші:

- Айтылған ұсыныстар ескеріліп, келесі отырыстарда қаралмақ. Агенттік өкілдері, денсаулық сақтау саласы ең бірінші тексерілді дейді. Келесі кезекте ауыл шаруашылығы тексерілуі мүмкін.

 

Бақытнұр Әлібай, Ахмедияр Ілиясов

http://31.kz/video/show/id/17500/show/ib

 

Просмотров: 861 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]