Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:29
Құрметті зейнетке шықты

 

Бүгін аудан әкімі аудан активінің жиынында ауданға белгілі дәрігер Ғабиболат Меңдібайұлына құрметті зейнетке шығуына орай ауданның Құрмет Грамотасы

 

Нұрғалиев Ғабиболат Меңдібайұлы- 1953 жылдың1 қыркүйегінде Арал ауданы, Сарбасат ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1969-1975 жылдары Алматы мемлекеттік медициналық институтын, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 1976жылы Арал қаласыорталық ауруханасының хирург-травматолог дәрігерлік қызметімен бастаған.

1987-1994 жылдары Арал аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасаған.

1994-1996 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында травматолог дәрігері.

1996-1998 жылдары Арал аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және 1998-2007 жылдары Арал аудандық жүйке аурулар диспансерінің бас дәрігері болып қызметтерін атқарған.

2012-2016 жылдар аралығында аудандық емханасының нарколог-дәрігері қызметін атқарып, зейнетке шыққан.

2016 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Сая Ералиева

Просмотров: 904 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]