Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:45
Петропавлда жаңадан үйлер қолданысқа беріліп жатқан ауданда емхана жоқ

Петропавлда жаңадан үйлер тұрғызылып, қолданылуға беріліп жатқан ауданда емхана жоқ. Бары емханадан гөрі, пәтерге көбірек ұқсайды дейді тұрғындар. Айтуларынша, дәліздері тар орынға тіпті бірнеше адамның бір мезетте кіруі мүмкін емес екен.

 

Шағын ғана жерді алып жатқан медициналық орынды емхана деу артық айтқандық болар еді дейді көпшілік. Себебі, кабинеттер мен дәліздері тым тар. Оның үстіне еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін тек бір терапевт дәрігер қарайтын болғандықтан, жазылып үлгермесең, күн ұзаққа кезек күтуіңе тура келеді дейді тұрғындар.

 

РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, Тілші:

- Береке ауданында орналасқан жалғыз емхана осы. Бір кездері көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан ашылыпты. Аумағы бар болғаны 154 шаршы метрді құрайды.

 

14 мың тұрғыны бар аудан үшін бұл тарлық етеді дейді көпшілік. Өйткені соңғы 5 жылда мұнда жас отбасыларға, бюджеттік сала мамандары үшін жиырмадан артық жаңа тұрғын үй салыныпты. Сәйкесінше, жиі дәрігерге қаралатын балалардың да саны өсті дейді. Мың орынға шақталған Назарбаев зияткерлік мектебі де тұрғызылды. Ал қалған басқа медициналық қызметтерді қала орталығындағы емханадан алу халыққа қолайлы емес екен. Ал мамандар қаражаттың қарастырылмағандығынан, емхана салу да жоспарда жоқ екенін айтады.

 

ҚАБДРАХМАН САҚТАҒАНОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Тұрғын үйлердің көптеп салынып жатқанын және халық санының артуын ескере отырып, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында салу жоспарда бар. Яғни, 2019 жылы № 2 қалалық емхананы сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға береміз. Оның бір шарты емхана басшылығына жаңа ғимарат салу болады.

 

Яғни, 2019 жылға дейін бұл ауданда емхана салынбайтынын мамандар кесіп айтты. Халықты шыдамдылық танытып, күтуге кеңес беруден басқа амалдары жоқ.

 

Руслан Жасұланұлы, Данияр Темірғалиев

 

Просмотров: 819 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]