Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:00
Онкология институтына қатерлі ісікті небәрі 2 сағатта анықтайтын жабдық сыйға тартылды

28.04.2017, 12:53

Қазақстанда қатерлі ісікті анықтаудың жаңа технологиясы ендіріле бастады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан онкологтар мен радиологтардың алтыншы құрылтайында айтылды. Басқосуға алыс-жақын шет елдерден 60 білікті маман қатысып жатыр. Съезде қажетті медициналық жабдықтарды жасайтын Еуропаның жетекші кәсіпорнымен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісім аясында компания Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына құны 50 мың доллар тұратын сұйық цитобиопсия деп аталатын бірегей анализатордың біреуін тегін берді. Бұған дейін ауруды анықтау үшін екі аптаға жуық уақыт кететін болса, енді адам тапсырған сараптама нәтижесін екі-ақ сағаттың ішінде алуға болады. Бұл құрылғы арқылы дәрігерлер ауруды дер кезінде анықтап қана қоймай, оны емдеу үшін тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Қатерлі ісіктен болған өлім-жітімнің 30%-ға төмендегеніне қарамастан, жағдай әлі де алаңдатарлық. Тек былтыр елімізде 37 мың тұрғыннан қатерлі ісік анықталған. Жалпы республика бойынша 130 мыңнан аса адам осы дертке шалдыққан. Оның арасында өкпе және сүт безі қатерлі ісігі жиі кездеседі.

Диляра Хайдарова, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры:

- Бұл диагностикадағы соңғы технология. Енді биопсия тапсырып қажеті жоқ. Адамның аз ғана қанын алып диагнозын анықтауға болады. Алдын ала тексеру жұмыстары тегін. Көптеген скринигтік бағдарламалар бар.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/174870-onkologiya-institutyna-aterli-isikti-neb-ri-2-sa-atta-any-tajtyn-zhabdy-syj-a-tartyldy

 

Просмотров: 952 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]