Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:06
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ - АРАЛ АУДАНЫНДА (ФОТО)


 

Бүгін ауданымызға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Кожарипова Жанат Шайхисламовна арнайы іссапармен келген болатын.
Басқарма өкілі өзінің жұмыс сапарын ең алдымен аудан орталығындағы «Уақытша бейімдеу және үйтсыздандыру» бөлімшесінің жұмысымен танысудан бастады.
Мұнан соң, Байтұрсынов ауылдық емханасының жаңадан көшірілетін ғимаратына және аудандық перзентхана маңынан орын тепкен гемодиализ орталығына арнайы бас сұғып, жұмыс барысына қанықты.
Одан әрі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Жекелеген мәселелерімен жүгінген аудан тұрғындарына қабылдау барысында заңнамалық тұрғыдан кеңестер беріліп, шешу жолдары қарастырылды.

Сая Ералиева

https://www.facebook.com/

Просмотров: 1080 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]