Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:46
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)


Бүгін Арал аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен аудандық перзентханада мерекелік шара өтті.
Дәлірек айтқанда, мереке қарсаңында дүние есігін ашқан бүлдіршіндер мен аналарға ХҚКО ұжымы тарыпынан бірнеше қызметтер көрсетіліп, аналарға перзентханадан шықпай-ақ баланың туу туралы куәліктері табысталды.
Сонымен қатар, сәбиіне жарық дүние сыйлаған аналар қауымы ұжымның арнайы сыйлықтары мен ізгі лебіздеріне бөленді.
Айта кетейік, шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М.Ршымбетов және перзентхана меңгерушісі Х.Көлбаевалар әр шаңырақтың алтын діңгегіне айналған аналарды қуанышымен құттықтап, мерекелік тілектерін жеткізді.

Сая Ералиева
Просмотров: 1058 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]