Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:55
«Медициналық пойыздар» мамандары 394 мың ауруды тіркеді

2017 жылғы 28 сәуір 13:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы іске қосылды, оның аясында шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындары тегін тексеріліп, жоғары білікті мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр) ем қабылдауда. Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен (УДЗ, флюорографиялық құрылғымен және т.б.), шағын-операциялық, зертханалық, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін - Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған. Медициналық пойыздар медициналық кабинеттері мүлдем жоқ өңірлерді қамтиды. 2017 жылы «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары өз жұмыстарын бастады:11 сәуірден 6 қарашаға дейін «Саламатты Қазақстан» пойызы орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде медициналық көмек көрсететін болады. Ал 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін «Денсаулық» пойызы оңтүстік және батыс өңірлерді қамтиды. 2010-2016 жылдар аралығында медициналық пойыздар 1 052 шалғай жатқан станцияларды қамтып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде 71,5 мың баланы тексеруден өткізді. 1,5 миллион диагностикалық емдеу шаралары, 4 мың кіші амбулаторлық ота жасалып, 19 телемедициналық консультация ұйымдастырылды. Маммологтар 44 мың әйелді қарап, 73 мың тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Пойыздардағы мамандардың тиімді жұмыстарының нәтижесінде 394 мың ауру тіркелді.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kz/medicinalyk-poyyzdar-mamandary-394-myn-aurudy-tirkedi_a3021761

Просмотров: 861 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]