Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:09
Медициналық көмек алу қолжетімділігі артты

 Биылғы жыл медициналық қызмет көрсетуде 80 мыңнан астам халқы бар Арал ауданының тұрғындары үшін сәтті басталуда. Кеше құны 111 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын, шалғай жатқан Аманөткел, Қаратерең ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар жаңадан пайдалануға берілді. Жаңа ғимарттар заман талабына сай жабдықталған, күндізгі емдеу бөлімдері ашылған. Дәрі –дәрмектер жеткілікті.
Жалпы саралағанда, Арал ауданы бойынша бірқатар денсаулық сақтау мәселелері оң шешімін тапты. Облыс әкімінің ықпалы нәтижесінде, биыл апатты жағдайда тұрған аудандық аурухананың жаңа құрлысы басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. Құрлысқа республика бюджетінен 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, ақпан айының басында Арал аудандық ауруханасы жанынан мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында «жасанды бүйрек» бөлімі ашылды. Қазіргі уақытта осы науқасқа шалдыққан 12 науқас емдерін қабылдауда. Бұл – аптасына 3 рет ем алуға тиісті науқас жандардың облыс орталығына, көрші Қазалы ауданына барып, ем қабылдауларын жеңілдетіп отыр. Екіншіден жаңа жұмыс орындары ашылды.
Өткен жылдың соңында, аудан орталығынан облыстық наркология орталығының филиалын ашқан болатынбыз. Емдеу орнына 20 медицина қызметкері жұмысқа қабылданды. Қарап отырсаңыздар, соңғы 2-3 айдың өзінде ауданда 26 медицина қызметкері жаңа жұмыс орнымен қамтылды
.

http://syrboyi.kz/zedelnews/10133-medicinaly-kmek-alu-olzhetmdlg-artty.html

Просмотров: 1012 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]