Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:15
Мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасайтындарға медициналық сақтандыру мемлекет есебінен жүргізіледі

18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасап отырған азаматтарды медициналық сақтандыру мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткізілген брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Аталмыш заң жобасы бүгін Мәжілісте жан-жақты таныстырылмақ. Сала басшысы мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олардың күтушілері басқа санатқа ауыстырылатынын жеткізді. «Министр сондай-ақ елімізде бұдан былай дәрі-дәрмектің бағалары қатаң бақылауда болады», - дейді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Жалпы, еліміздегі дәрі-дәрмек қамтамасыз ету жүйесі бойынша күнде шаралар енгізіліп жатыр. Біріншіден, дәрі-дәрмектің бағасын бекіту мен реттеу. Қазіргі күн еліміздегі 7700 дәрі-дәрмек тіркелген, оның 50%-дан астамы, 4400-і мемлекет тарапынан қаржыланады. Сонымен осы дәрі-дәрмектерге Денсаулық мминистрлігі өзінің құқығы бойынша бағаны бекітеді. Елжан Біртанов заңды белшеден басқысы келетіндер қатаң жазаланатындығын баса айтты. Бұл ретте министр СК фармацияның басшылығы мен меңгерушілері қызметінен босатылып, оған жаңа басшылар тағайындалғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл кәсіпорынға 1,3 млрд теңге айыппұл салынып, атышулы іс бүгінде сотта қаралып жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/167754-m-mkin

 

Просмотров: 824 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]