Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:50
КӨЗ – АДАМНЫҢ АЙНАСЫ

Жаһандану заманындағы жаңа технологияның кері əсерінен болар, жастардың көру қабілеті төмендеп барады. Көру қабілетін қалпына келтіру үшін біреулер арнайы көз жаттығуларын жасап, дəрумендер қабылдайды немесе көзілдіріктің көмегіне жүгінеді. Көзілдірік кигенді ұнатпайтындар да бар. Олар көзілдіріктің орнына линза пайдаланғанды дұрыс көреді. Кейбіреулер линзаны сән үшін де тағады.  Енді осы линзаның  қаншалықты зияны барын бірі білсе, бірі білмейді.
 
Линза тағу үшін алдымен көз дəрігерінен кеңес алу керек. Себебі, кейбір адамдардың ағзасы полимерлерді қабылдамауы мүмкін. Ағза аллергия берсе немесе көзге микроб түссе, көз қабынуы туындайды. Бұл қауіпті жағдай. Линза қолданушылар аса сақтықпен, тазалықпен қарағаны дұрыс. Линзамен ұйықтап қалуға, суға түсуге болмайды. Уақытында шешіп, көзді демалдырып тұру керек. Себебі, линза көздің беткі қабатын жауып тұратындықтан, көзге оттегі бармайды. «Қазір, өкінішке қарай, оптикаларда сапасы төмен түрлі-түсті линзалар ашық сатыла беретін болды. Олар көздің жұқпалы вирусты инфекциясын туғызады. Көздің мөлдір қабығының лайлануына (вирусный конъюктивит) әкеледі. Линза тағатын әрбір үшінші адам жайсыздықты сезінеді, әрбір бесіншісінде – құрғақ көз синдромы бар, ал жартысынан көбінде көздің мүйізгек қабығы зақымданған. Линзаның артындағы көз «дем алмайды», көзге  оттегі дұрыс бармағандықтан, осындай аурулар пайда болады. Түсті линзаның құрамындағы бояғыш заттар да көз жұмысын бұзады.  Линза таққан күннің өзінде оның құрамындағы су 30 пайыздан кем еместігіне көз жеткізу керек. Бұл параметр линза салынатын құтыда көрсетіледі», – дейді мамандар. «Көзіңнің қарашығындай сақта» деген сөз бар қазақта. Расында, қарашық кетсе бітті, дөңгеленді не, сығырайды не, барынша бақырайса да бәрібір, көз ештеңе көрмейді деген сөз. Мұның бәрін біле тұра, бүгінгінің жастары  линзаға бәрібір әуес.
Көз – жарық дүние. Өмір сүруімізге қажет ақпараттың 80 пайызын көз арқылы аламыз;  Адам әр 10 секунд сайын кірпік қақса, әр кірпік қағым уақыты секундтың үштен бірін құрайды. Бұл – тәуліктің 50 минуты көзді ашып-жұмуға кетеді деген сөз.
Жаңа туған сәби шамамен 6 айға дейін кірпік қаға алмайды;
Қос қарашығымыз шамамен 10 миллионға жуық түсті ажырату қабілетіне ие. Сондықтан көзімізді сақтайық, күтейік.
 
Дайындаған  А.НАЗАРОВА.

http://osken-onir.kz/k-z-adamny-ajnasy/

Просмотров: 1650 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]