Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:45
ІШЕК — ҚҰРТ АУРУЛАРЫ

Ішек құрттары немесе гельминттер (энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз және т.б.) басқа тірі организмінде тіршілік етуге бейімделген. Адам организімінде тіршілік ете алатын құрттардың табиғатта 100 – ден астам түрі кездеседі. Олар адамның тік ішегінде ғана емес, сондайақ оның түрлі органдарында (бас мида, бауырда, көзде және т.б.) мекендей алады. Ең көп таралғаныдомалақ құрттар, олардың ішінде көбінесі аскаридалар. Бір қарағанда ұсақ паразиттер қауіпсіз көрінгенімен, ағзаны улайтыны есте болсын. Әсіресе, олар сәби ағзасына тез еніп, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді
Адам ағзасына бұл құрттар қалай түседі? «Ауруастан» деген сөз тегін айтылмаған. Адам ауруды өзі жейтін тағамдардан табатыны әлдеқашан дәлелденген, құрттар да ағзаға тамақ арқылы түседі. Ағзаға түскен құрттар сол ағза есебінен өмір сүреді. Ондағы ақуыз, микроэлементтер мен дәрумендер арқылы қоректенеді. Осының салдарынан ағзада зат алмасу жұмысы бұзылып, дәрумендер тапшылығы орын алғандықтан қан аздыққа алып келеді. Құрттардың негізгі қауіптілігі олар аллергия шақырып, иммунитетті төмендетеді. Соңғы кездері балалар жақсы көретін «кириешки», «чипсыларда» да майда құрттар анықталып жатқаны бәріңізге мәлім.
Жұғу жолдарына тоқталсақ, острица жұмыртқалары нәжіс арқылы сыртқа шығып, қоршаған ортаны ластайды, яғни киімкешекті, ойыншықтарды, ыдысаяқты, есік тұтқаларын және парталарды. Ойнау, тамақ ішу, сабақ оқу барысында жеке бас гигиенасын сақтамағандықтан балалар энтеробиоз ауруына шалдығады.
Алдын алу үшін келесі кеңестерді ұсынамыз:
1.
Мектептер мен балабақшаларда санитариялық және дезинфекциялық ережелерді қатаң сақтау;
2.
Балалардың жеке бас гигиенасын сақтау, қолды сабынмен тазалап жуу;
3.
Жемісжидектерді мұқият жуу, қайнатылмаған су ішпеу;
4.
Тырнақты уақытылы алу;
5.
Төсеніштерді, ішкі киімдерді уақытылы ауыстыру, өтекпен басу;
6.
Қолдануға рұқсат етілген, жууға жеңіл материалдардан дайындалған ойыншықтарды пайдалауну, ойыншықтарды сабынды ыстық сумен күніне бір реттен сиретпей жуу;
7.
Жұмсақ ойыншықтарды шаңнан күн сайын тазарту және ашық ауада желдету.
Егер балада мазасыздық, ұйқысыздық, оқу қабілетінің төмендігі байқалса міндетті түрде дәрігерге қаралып, емі дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиістігін назарға алғандарыңыз абзал!

Р.Бимағамбетов,
Сырдария аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының
бас маманы

http://tirshilik-tynysy.kz/ishek-rt-aurulary/

Просмотров: 1606 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]