Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:11
ЕЛІМІЗДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ РЕТТЕЛЕТІН БОЛДЫ

Дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заң жобасы осы айдың соңына дейін Үкімет қарауына жіберіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Оның айтуынша, құжат бөлшек және көтерме сауда кезінде препараттардың үстеме бағасын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы кәсіпкерлердің өздерімен қызу талқыланды.

Ведомство басшысының айтуынша, болашақта елде дәрі-дәрмек импортының азаюы күтіліп отыр.

Биыл біз 24 ұзақ мерзімді шартқа қол қойдық. Оған сәйкес, дәрі өндіретін жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін 10 жыл бойы препараттарды сол жақтан сатып аламыз. Өндірістердің жанында 3 алаң саламыз. Ал бағаны реттейтін заң жобасы қабылданса, дәрі-дәрмек импортының тәуелділігі төмендеуі тиіс”, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

http://tolqyn.kz/elimizde-d-ri-d-rmek-ba-asy-retteletin-boldy/

Просмотров: 686 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]