Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:30
Еларалық диалогты жүзеге асыру жоспарын талқылады

 Астанада Халықаралық ұйымдармен жұмыс бойынша Еларалық үйлестіру комитетінің отырысында  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой аталған комитеттің төрағасы болып тағайындалды.
Шараға ЖИТС-пен, туберкулез және маляриямен күрес жаһандық қорының портфолио менеджері Татьяна Виниченко, мүдделі мемлекеттік органдар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу республикалық орталығы мен Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы басшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйым мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Жаһандық қордың АИТВ/ЖИТС (2018 жылдан бастап) мен туберкулез ( 2020 жылдан бастап) компоненттері бойынша қаржы бөлуін, жаңа өтінімдерді әзірлеу барысында Жаһандық қордың ЕҮК-ға қоятын біліктілік талаптарын жүзеге асыру жоспарын, сонымен қатар, Еларалық диалогты жүзеге асыру жоспарын талқылады. 
Сонымен бірге, Еларалық диалогты жүзеге асыру мен өтінім жазу бойынша жұмыс тобының құрамы, ЕҮК бақылау функциясын жүзеге асыру шаралары, 2015-2017 жж. үнемделген қаржыны жұмсау бойынша «ХОУП» жобасының өтінімдері мен Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының 2017-2019 ж. арналған туберкулез бойынша Жаһандық қор грантының жобасын іске асыру кезінде пилоттық аймақтардың ротациясы бойынша қаржы мәселелері мақұлданды.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ұйымдармен жұмыс бойынша Еларалық үйлестіру комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдесіндегі №854 қаулысының негізінде құрылған болатын.

Автор:
ҚР ДСМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

http://zhardem.kz/news/8328

Просмотров: 872 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]