Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:14
Екпе алу мәселесі бойынша жағдай ушығып тұрған Ақтөбенің дәрігерлері мен имамдары бірікті

31.03.17

Екпе алу мәселесі бойынша жағдай ушығып тұрған Ақтөбенің дәрігерлері мен имамдары бірікті. Бүгін олар мешітке жиналған ақтөбеліктерге үгіт - насихат жүргізді. Қала бойынша екпеден түбегейлі бас тартқан 2500 адамның 70 пайызын дін жолын ұстанатындар құрайды.

 

Кенжегүл Қошқарова Аллаға құлшылық етіп, мешітке жиі келетін жандардың бірі. Бірақ екі бала тәрбиелеп отырған ана діни көзқарасыма қарамастан, сәбилеріме екпе еккізуге қарсы болған емеспін,- дейді. Ал екпеден бас тартатындардың көбі дінге бет бұрғандар дейтін дәрігерлер пікірімен мүлдем келіспейтінін айтады. Ата-аналар вакцинаның сапасына күмәнмен қарайтындықтан екпеден бас тартуға мәжбүр дейді ана.

 

КЕНЖЕГҮЛ ҚОШҚАРОВА, Тұрғын:

- Көбінесе сол вакцинаның сапасына байланысты жаңағы көп мәліметтер интернетте де жүр. Және ол тек қана дін ұстанатын адамдар емес, дін ұстанбай-ақ жүрген адамдардың көбі алдырмайтынын білеміз біздер.

 

Екпеден бас тартуды дінмен тікелей байланыстыратын дәрігерлер ақар имамдармен бірлесіп жұмыс істейді шешкен. Халықтың жұма намазына келетін уақытын күткен мамандар бүгін мешіттерде насихат жүргізуді бастады. Яғни, Алла үйіне келген ақтөбеліктерге енді тек діни уағыз ғана емес, сонымен қоса медициналық уағыздар да айтылатын болды.

 

Жалпы Ақтөбенің билігі халық арасындағы екпеге қатысты мәселемен қанша күрессе де, әлі күнге шеше алмай келеді. Тіпті бұл жағдайға облысқа осыдан үш ай бұрын Астана мен Алматыдан келген мамандардың да үгіті насихаттаулары әсер етпегенге ұқсайды. Өйткені өңірде балаларына екпе еккізуден бас тартқандардың саны көбеймесе азаймай отыр.

 

ГАУХАР ИГІЛІКОВА, Ақтөбе қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы:

- Осындай насихаттан соң 70 пайызды 50 пайызға төмендетімз дегендей үмітіміз бар деп

 

Айта кету керек, қазірдің өзінде облыс бойынша екпеден бас тартатындардың жалпы саны 3000 - ға жуықтаған. Оның 1500 -і балаларына мүлдем екпе жасатпағандар. Екпеден бас тартатындардың басым көпшілігі қаланың өзінде болса, аудандар арасында Мұғалжар мен Темір ауданы алғашы қатарда тұр.

http://31.kz/video/show/id/17564/show/ib

 

Просмотров: 770 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]