Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:48
Денсаулығыңызды 1 минут ішінде тексерудің ең қарапайым тәсілі

 «Дені саудың жаны сау». Денсаулық – аманат. Біз күнделікті өмірде кей жағдайда саулығымызға мән бермей, дертке жиі шалдығып қалатынымыз бар. Ауырып қалған жағдайда дәрігерге бармай, дәрі ішіп емделе салатынымызды жасыра алмаймыз. Адам баласы үшін басты байлық – денсаулық. Үйіңізден шықпай-ақ денсаулықты тексерудің ең оңай жолын білесіз бе?

Кәдімгі күнделікті қолданып жүрген қасықты алыңыз да тіліңізге апарыңыз. Қасықты таза пакетке ораңыз да жарыққа қойыңыз: күн көзіне немесе шамға. 1 минуттан соң қасықты тексеріңіз.

Егер қасық таза әрі ешқандай жағымсыз иіссіз болса ішкі органдарда проблема жоқ, яғни деніңіз сау деген сөз.

Егер иіс болса...

Шіріген немесе өткір иіс шықса асқазаныңызды тексерткен жөн.

Тәтті иіс шықса – диабет болуы мүмкін.

Аммиактың иісі шықса – бүйрегіңізде әлдебір проблема бар.

Егер дақтар болса...

Ақ және сары түсті дақтарды байқасаңыз – қалқанша без дұрыс жұмыс істемейді.

Күлгін түс – бронхит, нашар қан айналымы, холестериннің жоғары деңгейі. Қызғылт сары түсті көрсеңіз бүйрегіңіз ауырады.

Үй жағдайында тексеріп көруіңізге болады. Денсаулық әрқашан басты орында екенін ұмытпаңыз!

massaget.kz
 

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/densauliginizdi_1_minut_ishinde_tekserudin_en_karapaiim_tasili20170430_121200

Просмотров: 979 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]